ДЕПАРТАМЕНТ МАМАНДАРЫНЫҢ МОНИТОРИНГТЕРГЕ ҚАТЫСУЫ

ДЕПАРТАМЕНТ МАМАНДАРЫНЫҢ МОНИТОРИНГТЕРГЕ ҚАТЫСУЫ

Департамент есепті кезеңде келесі бағыттар бойынша мониторинг жүргізілді:

1) Мемлекеттік білім беру ұйымдарына бос лауазымға конкурспен қабылдау тәртібін сақтау, мектепішілік бақылау, кітапхана жұмысы, интернетке қосылу, мектеп мәліметінің Ұлттық білім беру деректер қорымен сәйкестігі (17-19 қаңтар);

2) Білім беру ұйымындағы қауіпсіздік (бейнебақылау, лицензияланған күзет, турникет, дабыл түймесі), білім беру ұйымындағы жылы санитарлық тораптар (әжетханалар), білім беру ұйымында тәрбие жұмысының тиімді жүргізілуі, білім беру ұйымында оқу процесінің ұйымдастырылуы, педагог кадр құрамы, мектеп басшылығының сабақ жүргізуі, сабаққа қатысуы (4-6 мамыр);  

3) Балалардың жазғы демалысы бойынша (мамыр);

4) Мектеп оқушыларының оқулықтармен қамтылуы, кітапхана жұмысы (10-19 шілде)

5) Білім беру ұйымдарындағы күрделі жөндеу жұмыстары (тамыз);

6) Жалпы орта білім беретін ұйымдарының жаңа оқу жылына дайындығы (тамыз);

7) Жайлы мектептердің құрылысына мониторинг (тамыз-қыркүйек).

Департамент тарапынан жүргізілген барлық мониторинг қорытындылары бойынша Шымкент қаласының әкімдігіне, білім басқармасына тиісті жұмыстарды жүргізу үшін хаттар жолданды.

Дата публикации
01 марта 2025