МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ Білім беру қызметіне лицензия беру

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ

Білім беру қызметіне лицензия беру

Департамент 2024 жылы лицензия және лицензияға қосымша алуға, лицензия және лицензияға қосымшаны қайта рәсімдеуге түскен 154 өтінішті қарады. Лицензия және лицензия қосымшасы берілгені – 36, оның ішінде: бас лицензия – 9 (мектеп), лицензияға қосымшасын беру – 27 (мектеп 19, колледж-8). Департаментке келіп түскен  өтініштерді қараудан  бас тартылғаны – 70  (колледж-23; мектеп-47).

Өтініштердің бас тартылу себептері: ұсынылған құжаттардың толық болмауы, Білім беру ұйымы басшысының және педагогтерінің білімі, жұмыс өтілі №338 бұйрық талаптарына сәйкес келмеуі, №216 бұйрықпен бекітілген оқулықтар тізбесіне сәйкес оқу және көркем әдебиеттің кітапханалық қорының болмауы, спорт залының және/ немесе спорт объектісінің білім беру ұйымы ғимаратынан 1000 метрден астам қашықтықта болмауы, edu. kz аймағында үшінші деңгейдегі домендік атаудың болмауы, ауыз су бұрқақтарының болмауы, педагогтердің тиісті бейіні бойынша 3 жылда кемінде 1 рет біліктілігін арттырғаны туралы сертификаттарының болмауы, ҚР Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес әрбір объектіге (оқу корпусына) өрт қауіпсіздігі саласындағы сәйкестікке объектіге барумен профилактикалық бақылау нәтижелері туралы актінің көшірмесінің болмауы және т.б.

Лицензия және лицензияның қосымшалары қайта рәсімделгені - 48 (колледж-13; мектеп-35) өтініш.

Ағымдағы жылы мектепке дейiнгi тәрбие мен оқыту саласындағы қызметті жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы 91 хабарлама тіркелген, барлығы қызметті бастау туралы хабарламалар.

 

Дата публикации
01 марта 2025