ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ САЛАСЫНДА САПАНЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК БАҚЫЛАУ ТУРАЛЫ ЕСЕБІ

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ САЛАСЫНДА САПАНЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК БАҚЫЛАУ ТУРАЛЫ ЕСЕБІ

МЕМЛЕКЕТТІК БАҚЫЛАУ

2024-2025 оқу жылында Шымкент қаласындағы білім беру ұйымдарының желісі 945 құрады, оның ішінде 625 мектепке дейінгі (мемлекеттік-71, жекеменшік-554), 281 жалпы орта (мемлекеттік 150, жекеменшік 131), 39 техникалық және кәсіптік білім беру (мемлекеттік-11, жекеменшік-28) қызметін жүзеге асырады.  

2024 жылы Департамент тарапынан Қазақстан Республикасы заңнамасының және білім беру саласындағы нормативтік құқықтық актілердің орындалуын мемлекеттік бақылау барысында төмендегі жұмыс түрлері жүргізілді.

 Мемлекеттік аттестаттау

          2024 жылы мемлекеттік аттестаттау 200 білім беру ұйымында жүргізілді: 130 балабақша (15 мемл., 115 жекеменшік), 70 мектеп (65 мемл., 5 жекеменшік). Жоспар 100%-ға орындалды.   

Мемлекеттік аттестаттау қорытындысымен 31 (15,5%) білім беру ұйымы бірінші реттен аттестатталды: 18 мектеп (18 мемл.), 13 балабақша (8 мемл.,5 жекеменшік). 169 білім беру ұйымында мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары бойынша бұзушылық анықталды: 117 балабақша (7 мемл., 110 жекеменшік) 52 мектеп (47 мемл.,5 жекеменшік).

        Мемлекеттік аттестаттау қорытындысы бойынша бірінші рет аттестаттаудан өтпеген 117 балабақшаның 88-і (7 мемл.,81 жекеменшік), 52 мектептен 2-і (1 мемл., 1 жекеменшік) бұзушылықтары жойылып, қайта аттестаттаудан өтті.

Қалған 64 білім беру ұйымдарында (14 балабақша (14 жекеменшік), 50 мектеп (46 мемл.,4 жекеменшік) 2025 жылдың қаңтар-маусым айлары арасында жоспарлы мемлекеттік қайта аттестаттау шаралары жүргізіледі.

Анықталған бұзушылықтар:

- жұмыс оқу жоспарлары үлгілік оқу жоспарларына және жалпыға міндетті стандарттарының талаптарына сәйкес келмейді;

- білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалауды жүзеге асыру мен қалыптастырушы және жиынтық бағалау талаптарын сақтау критерийлері бұзылған;

- бағыттар бойынша тәрбие жұмысы көрсетілмеген, сабақтан тыс іс-әрекеттің әртүрлі нысандарын ұйымдастыру процесінде сәйкессіздіктер анықталды. Мектепте атқарылған тәрбие жұмысы туралы, сабақтан тыс қызметті ұйымдастыру бойынша мәліметтер сайтқа жүктелмеген;

- критерийлер бойынша бағалау жүргізу үшін тиісті материалдарды ұсынбау және т.б.

- мектеп жасына дейінгі тәрбиеленушілердің (егде жастағы тәрбиеленушілердің) жеке даму жоспарларының (карталарының) болмауы;

- тәрбиеленушілердің даму мониторингінің болмауы.

 

Дата публикации
21 февраля 2025