ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ САЛАСЫНДА САПАНЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ 2024 ЖЫЛҒЫ ҚЫЗМЕТІ ТУРАЛЫ ЕСЕБІ

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ САЛАСЫНДА САПАНЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ 2024 ЖЫЛҒЫ ҚЫЗМЕТІ ТУРАЛЫ ЕСЕБІ

МЕМЛЕКЕТТІК БАҚЫЛАУ

2024-2025 оқу жылында Шымкент қаласындағы білім беру ұйымдарының желісі 945 құрады, оның ішінде 625 мектепке дейінгі (мемлекеттік-71, жекеменшік-554), 281 жалпы орта (мемлекеттік 150, жекеменшік 131), 39 техникалық және кәсіптік білім беру (мемлекеттік-11, жекеменшік-28) қызметін жүзеге асырады.  

2024 жылы Департамент тарапынан Қазақстан Республикасы заңнамасының және білім беру саласындағы нормативтік құқықтық актілердің орындалуын мемлекеттік бақылау барысында төмендегі жұмыс түрлері жүргізілді.

Мемлекеттік аттестаттау

          2024 жылы мемлекеттік аттестаттау 200 білім беру ұйымында жүргізілді: 130 балабақша (15 мемл., 115 жекеменшік), 70 мектеп (65 мемл., 5 жекеменшік). Жоспар 100%-ға орындалды.   

Мемлекеттік аттестаттау қорытындысымен 31 (15,5%) білім беру ұйымы бірінші реттен аттестатталды: 18 мектеп (18 мемл.), 13 балабақша (8 мемл.,5 жекеменшік). 169 білім беру ұйымында мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары бойынша бұзушылық анықталды: 117 балабақша (7 мемл., 110 жекеменшік) 52 мектеп (47 мемл.,5 жекеменшік).

        Мемлекеттік аттестаттау қорытындысы бойынша бірінші рет аттестаттаудан өтпеген 117 балабақшаның 88-і (7 мемл.,81 жекеменшік), 52 мектептен 2-і (1 мемл., 1 жекеменшік) бұзушылықтары жойылып, қайта аттестаттаудан өтті.

Қалған 64 білім беру ұйымдарында (14 балабақша (14 жекеменшік), 50 мектеп (46 мемл.,4 жекеменшік) 2025 жылдың қаңтар-маусым айлары арасында жоспарлы мемлекеттік қайта аттестаттау шаралары жүргізіледі.

Анықталған бұзушылықтар:

- жұмыс оқу жоспарлары үлгілік оқу жоспарларына және жалпыға міндетті стандарттарының талаптарына сәйкес келмейді;

- білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалауды жүзеге асыру мен қалыптастырушы және жиынтық бағалау талаптарын сақтау критерийлері бұзылған;

- бағыттар бойынша тәрбие жұмысы көрсетілмеген, сабақтан тыс іс-әрекеттің әртүрлі нысандарын ұйымдастыру процесінде сәйкессіздіктер анықталды. Мектепте атқарылған тәрбие жұмысы туралы, сабақтан тыс қызметті ұйымдастыру бойынша мәліметтер сайтқа жүктелмеген;

- критерийлер бойынша бағалау жүргізу үшін тиісті материалдарды ұсынбау және т.б.

- мектеп жасына дейінгі тәрбиеленушілердің (егде жастағы тәрбиеленушілердің) жеке даму жоспарларының (карталарының) болмауы;

- тәрбиеленушілердің даму мониторингінің болмауы.

Жоспардан тыс тексеру

2024 жылы 34 білім беру ұйымдарында (балабақша-7, мектеп-27) және білім басқармасында жоспардан тыс тексеру жүргізілді.   

Нәтижесінде 31 мекемеде құқық бұзушылық анықталды (мектеп–23 (6 мем., 17 жекеменшік), балабақша–7 (2 мемл., 5 жекеменшік), Білім басқармасы-1).

Қорытындысы бойынша 1мектеплицензияданайырылды, 7мектептелицензияның қолданылуы 6айға дейінгі мерзімге уақытша тоқтатылды, барлық мектептерге анықталғанбұзушылықтардыжоютуралынұсқамаберілді.

Жоспардан тыс тексеру нәтижесінде 12 лауазымды тұлғаға, 18 заңды тұлғаға, жалпы 520 АЕК (1 919 840 теңге) көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау және әкімшілік істерді жүргізу

2024 жылы е-otinish порталы арқылы 349 арыз-шағым (жеке тұлға-327, заңды тұлға-22) тіркелді, 200 өтініш өз құзыреті шегінде басқа мемлекеттік органдарға жолданып, 138 (жеке тұлға-123, заңды тұлға-15) өтінішке жауап берілді. Бүгінгі таңда жеке тұлғаның 11 арыз-шағымы қаралуда.

Жауап берілген 138 арыз-шағымның өз өтініші негізінде кері қайтарып алынып, қараусыз қалдырылған-40, сенімді негіздер және растайтын дәлелдемелер жоқ-11, жоспардан тыс тексеру жүргізілген-14, арыз иесіне түсіндіріліп, жазбаша мәтінде жауап берілген-73.

          Департамент тарапынан 76 әкімшілік құқық бұзушылық бойынша әкімшілік істер жүргізілді, оның ішінде 74 мектеп (39 мемл., 35 жекеменшік), 2 колледж (1 жекеменшік колледжге 2 әкімшілік іс қозғалды). 

Оның ішінде оқушылардың міндетті мектеп формасын сақтамағаны үшін 50 ата-анаға қатысты әкімшілік іс (ескерту-36, айыппұл – 14), 2 ата-анаға оқушының сабаққа келмеуі бойынша әкімшілік іс (айыппұл – 2) қозғалды.

         Әкімшілік құқық бұзушылық істер бойынша 1 мектеп білім беру қызметіне мемлекеттік лицензия және лицензия қосымшасынан айырылды, 5 мектепте, 1 колледжде лицензияның қолданылуы 6 ай мерзімге дейін уақытша тоқтатылды, барлық білім беру ұйымдарына анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді.  

            76 әкімшілік құқық бұзушылық бойынша 7 лауазымды тұлғаға, 15 заңды тұлғаға, 18 жеке тұлғаға айыппұл салынса, 36 жеке тұлғаға ескерту берілді, жалпы 800 АЕК (2 953 600 теңге) көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.

Білім беру ұйымдарының біліктілік талаптарына сәйкестігін тексеру

       Біліктілік талаптарына сәйкестігіне тексерудің жылдық қорытындысы бойынша 6 мектепте жүргізілді.

     Нәтижесінде, 4 мектептің білім беру қызметі біліктілік талаптарына сәйкес келмей, заң бұзушылықтар орын алды. Анықталған кемшіліктер бойынша аталған мекемелерге «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР кодексінің 464-бабының 1-тармағына сәйкес білім беру қызметіне берілген лицензия қолданысы тоқтатылып, бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді.

 Профилактикалық бақылау

2024 жылы бару арқылы профилактикалық бақылау жұмыстары 3 білім беру ұйымында жүргізілді. Нәтижесінде 2 білім беру ұйымына анықталған заң бұзушылықтарды жою бойынша нұсқама берілді.  1 білім беру ұйымының білім беру қызметіне берілген лицензия және лицензия қосымшаларының қолданысы тоқтатылуына байланысты бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізілмеді.

 МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ

Білім беру қызметіне лицензия беру

Департамент 2024 жылы лицензия және лицензияға қосымша алуға, лицензия және лицензияға қосымшаны қайта рәсімдеуге түскен 154 өтінішті қарады. Лицензия және лицензия қосымшасы берілгені – 36, оның ішінде: бас лицензия – 9 (мектеп), лицензияға қосымшасын беру – 27 (мектеп 19, колледж-8). Департаментке келіп түскен  өтініштерді қараудан  бас тартылғаны – 70  (колледж-23; мектеп-47).

Өтініштердің бас тартылу себептері: ұсынылған құжаттардың толық болмауы, Білім беру ұйымы басшысының және педагогтерінің білімі, жұмыс өтілі №338 бұйрық талаптарына сәйкес келмеуі, №216 бұйрықпен бекітілген оқулықтар тізбесіне сәйкес оқу және көркем әдебиеттің кітапханалық қорының болмауы, спорт залының және/ немесе спорт объектісінің білім беру ұйымы ғимаратынан 1000 метрден астам қашықтықта болмауы, edu. kz аймағында үшінші деңгейдегі домендік атаудың болмауы, ауыз су бұрқақтарының болмауы, педагогтердің тиісті бейіні бойынша 3 жылда кемінде 1 рет біліктілігін арттырғаны туралы сертификаттарының болмауы, ҚР Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес әрбір объектіге (оқу корпусына) өрт қауіпсіздігі саласындағы сәйкестікке объектіге барумен профилактикалық бақылау нәтижелері туралы актінің көшірмесінің болмауы және т.б.

Лицензия және лицензияның қосымшалары қайта рәсімделгені - 48 (колледж-13; мектеп-35) өтініш.

Ағымдағы жылы мектепке дейiнгi тәрбие мен оқыту саласындағы қызметті жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы 91 хабарлама тіркелген, барлығы қызметті бастау туралы хабарламалар.

Білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу

            Білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу бойынша 796 өтініш қаралды, барлық 796 құжат апостильделді (жоғары білім беру туралы-16; техникалық және кәсіптік білім-59; орта білім-721).  

Мемлекеттер бойынша: Австралия-22, Болгария-5, Греция-22, Италия-102, Литва-13, Польша-35, Словакия-13, Түркия-363, Өзбекістан-15, Чехия-19, Оңтүстік Корея-93, Португалия-56, Черногория-15, Венгрия-3, Германия-7, Испания-11,                 Кипр-2.

ДЕПАРТАМЕНТ МАМАНДАРЫНЫҢ МОНИТОРИНГТЕРГЕ ҚАТЫСУЫ

Департамент есепті кезеңде келесі бағыттар бойынша мониторинг жүргізілді:

1) Мемлекеттік білім беру ұйымдарына бос лауазымға конкурспен қабылдау тәртібін сақтау, мектепішілік бақылау, кітапхана жұмысы, интернетке қосылу, мектеп мәліметінің Ұлттық білім беру деректер қорымен сәйкестігі (17-19 қаңтар);

2) Білім беру ұйымындағы қауіпсіздік (бейнебақылау, лицензияланған күзет, турникет, дабыл түймесі), білім беру ұйымындағы жылы санитарлық тораптар (әжетханалар), білім беру ұйымында тәрбие жұмысының тиімді жүргізілуі, білім беру ұйымында оқу процесінің ұйымдастырылуы, педагог кадр құрамы, мектеп басшылығының сабақ жүргізуі, сабаққа қатысуы (4-6 мамыр);  

3) Балалардың жазғы демалысы бойынша (мамыр);

4) Мектеп оқушыларының оқулықтармен қамтылуы, кітапхана жұмысы (10-19 шілде)

5) Білім беру ұйымдарындағы күрделі жөндеу жұмыстары (тамыз);

6) Жалпы орта білім беретін ұйымдарының жаңа оқу жылына дайындығы (тамыз);

7) Жайлы мектептердің құрылысына мониторинг (тамыз-қыркүйек).

Департамент тарапынан жүргізілген барлық мониторинг қорытындылары бойынша Шымкент қаласының әкімдігіне, білім басқармасына тиісті жұмыстарды жүргізу үшін хаттар жолданды.

АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ

Департамент тарапынан «Facebook» әлеуметтік желісінде «Dokso-Shymkent Departamenti», «Dokso Shymkent» және «Instagarm» әлеуметтік желісінде «Doksoshymkent» атауымен парақшалар ашылған. Әлеуметтік желілерде Қазақстан Республикасының білім саласындағы ең өзекті ақпараттар және Департаментттің атқарған жұмыстары бойынша мәліметтер, ақпараттық-түсіндірме жұмыстары уақытылы екі тілде жарияланып отырады. Білім беру ұйымдарындағы сұрақтар бойынша түсіндірме жұмыстары брифинг, семинар-кеңес, БАҚ және телеарналарда сұқбат арқылы жүргізілді.

Қолданыстағы заңнама нормаларын ZOOM платформасы арқылы түсіндіру мақсатында білім беру ұйымдарының басшыларымен білім беру ұйымдарында аттестаттауды өткізу, профилактикалық бақылау, білім беру ұйымдарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету бөлігінде семинарлар (құқықтық жалпы оқыту) өткізілді.

МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ

Департаменттің 2024 жылғы тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспары 11072,6 мың теңгені құрады. Мемлекеттік сатып алулар  www.goszakup.gov.kz мемлекеттік сатып алу веб-порталына орналастырған.

БЮДЖЕТТІҢ ИГЕРУІ

Департаментті қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.

2024 жылы міндеттемелер бойынша департаменттің жылдық бюджетіне 74456,8 мың теңге қаралған. 2024 жылға Департамент бюджет қаржысының игерілуі 100 % құрады. 

 

 

Дата публикации
06 января 2025