Шымкент қаласының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің 2026 жылдың ІІ-тоқсанында мемлекеттік қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жүргізілген жұмыстар туралы

  1. Білім беру саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі мемлекеттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруға, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алуға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілер қызметінің ашықтығы мен есептілігін қамтамасыз етуге бағытталған.

    Жұмыс Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексіне және өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырылды.

    1. Жүргізілген іс-шаралар

    Департаментте 2026 жылы ІІ- тоқсанда төмендегі тақырыптар бойынша қызметкерлермен төмендегідей іс-шашалар өтілді. Атап айтар болсақ:

     - Дөңгелек үстел:  "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет" - 15.04.2026 ж;

    -   Семинар:  "Этикалық кодекс. Мүдделер қақтығысы" - 28.04.2026 ж;

    -  Тренинг: "Пара алудың алдын алу" - 25.05.2026 ж;

    -  Дәріс:  "Мемлекеттік сатып алудағы тәуекелдер" - 10.06.2026 ж;

    -  Тестілеу: -Заңнаманы білу - 20.06.2026 ж.

    1. Ақпараттық-насихаттық жұмыс

    Есепті кезеңде департамент қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы насихаттау мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Іс-шаралар барысында мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігі, мүдделер қақтығысының алдын алу және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту мәселелері талқыланды.

    1. Қорытынды

    2026 жылдың ІІ-тоқсанында Шымкент қаласының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің мемлекеттік қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілері тіркелген жоқ. 

    Өткізілген іс-шаралар қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыруға және мемлекеттік қызметтегі парасаттылық қағидаттарын нығайтуға ықпал етті.

Дата публикации
16 июля 2026