Ағымдағы жылдың 12 желтоқсанында Департамент басшысы Г.К.Уздембаева Павлодар облысының Білім басқармасы жанындағы Ардагерлер кеңесінің отырысында облыстың білім беру ұйымдарында 2024 жылдың мемлекеттік аттестаттау қорытындысымен сөз сөйледі.
Кеңесте облыс мекемелерінде жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша сапаны қамтамасыз ету мәселелері қаралды. Департамент 2024 жылға облыстың 266 білім беру ұйымдарында, оның ішінде 27 балабақшада, 1 колледжде және 238 мектепте мемлекеттік аттестаттау өткізу жоспарланған болатын.
Ағымдағы жылдың 11 айында профилактикалық бақылау нысанында бармай мемлекеттік аттестаттау 236 білім беру ұйымдарында, оның ішінде: 25 балабақшада, Абу Бәкір Сыддық медресе колледжінде және 210 мектепте өткізілді.
Мемлекеттік аттестаттау қорытындысы бойынша білім беру ұйымдарының тек 2% немесе 4 мектеп (Павлодар қ. №7 ЖОМ және А. Байтұрсынұлы атындағы ЖОМ, Тереңкөл ауданы №2 Песчан ЖОМ және Павлодар ауданы Заря ЖОМ) аттестатталды деп қорытынды алды, 197 білім беру ұйымдарының, немесе 98%, аттестатталмаған.
Қаңтар айынан бастап Департамент 62 білім беру ұйымдарында (33 мектеп және 29 балабақша) қайта аттестаттау рәсімін өткізді. Бұл ұйымдар 5 жыл мерзімге аттестатталды.
Сонымен қатар, 5 мектепте мемлекеттік аттестаттау барысында анықталған бұзушылықтар жойылған жоқ (Успен ауданының Белоусов ЖОМ, Павлодар ауданының Ефремов ЖОМ, Аққулы ауданының Қазы ЖОМ, Ертіс ауданының Амангелді ЖОМ, Павлодар ауданының Маралды НОМ). Осы мектептер қайта аттестаттау рәсімін өткізу қорытындысы бойынша аттестатталмаған және 2025 жылға барумен профилактикалық бақылау жүргізу кестесіне енгізілетін болады.
Мектептерді мемлекеттік аттестаттау барысында көрсетілетін білім беру қызметтерінің деңгейін анықтау үшін 4 және 9 сынып оқушыларына кешенді тестілеу өткізілді. Тестілеуге барлығы 4 және 9 сыныптардың 13536 оқушысы қатысты, оның ішінде 6899 оқушылары 4 сынып және 6637 оқушылары 9 сынып.
Кешенді тестілеу нәтижелерін талдау келесі көрсетті. 4-сыныптағы 6899 оқушының 242-сі немесе 3,5% «шекті деңгейге» жете алмады, 9-сыныптағы 13536 оқушының 717-сі төмен нәтиже көрсетті, бұл 11% құрайды.
Сонымен қатар, Железин ауданының 13 мектебі (48%) (ағымдағы жылы 27 аттестатталушы ішінен), Ақтоғай ауданының 20 мектебінің 9-ы (45%), Павлодар қаласының 28 мектебінің 6-ы (21%), Павлодар ауданының 11 мектебінің 4-і (36%), Май ауданының 6 мектебінен 3-і (50%), Аққулы ауданының 12 мектебінің 4-і (33%) оқушылары білім деңгейінің төмен көрсеткіші анықталды.
Железин ауданы мектептерінің 9-сыныбындағы оқушылардың жалпы санынан Крупская НОМ (3 оқушы), Жолтаптық НОМ (1 оқушы), 4-сыныпта Аққайың ауылындағы НОМ (2 оқушы), Захаровка НОМ (3 оқушы), Пятерыжская НОМ (4 оқушы), Аққулы ауданы Жаңатан НОМ-де (2 оқушы), Ақтоғай ауданының Әбжан НОМ (1 оқушы), Тереңкөл ауданының Фрументьевка НОМ (2 оқушы), Павлодар ауданының Богдановка НОМ (5 оқушы) оқушылары бірде-бір балл жинаған жоқ. Сондай-ақ, 4 сынып оқушылары арасында Успен ауданының Қозыкеткен ЖОББМ (5 оқушы), Ертіс ауданының тоқты ЖОББМ (2 оқушы) оқушылары бірде-бір балл жинаған жоқ.
Сонымен қатар, 11 мектепте 4 және 9 сынып оқушылары тиісті балл жинамағанын атап өткен жөн (Ақтоғай ауданының Алтынсарин ЖОМ, Богдановка НОМ, Заңғар ЖОМ, Павлодар ауданының Пресновка ЖОМ, Алакөл НОМ, Веселорощинская ЖОМ, Еңбекші НОМ, Железин ауданының Пятерыжская НОМ, Май ауданы Мұқашев атындағы ЖОМ және Екібастұз қаласының Екібастұз ЖОМ).
Кешенді тестілеу қорытындылары және жалпы білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау қорытындылары тұтастай алғанда өңірдің білім беру ұйымдарының білім сапасына әсер етеді. Сондай-ақ, мемлекеттік бақылау шараларының қорытындылары білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдардың білім беру ұйымдарының қызметіне жан-жақты талдау, әкімшілік-басқару персоналының сапасына талдау, кадрлық қамтамасыз ету және әрбір білім беру ұйымы бойынша тиісті даму бағдарламаларын әзірлеу және қабылдау үшін басқа да көрсеткіштерді жүргізу қажеттілігін көрсетті.