Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Ғани Бектайұлы Бейсембаевтың қабылдауы өтті

Ағымдағы жылдың шілде айында Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Ғани Бектайұлы Бейсембаевтың Павлодар облысы әкімінің орынбасары Д. К. Жамбайбек пен Павлодар облысының білім басқармасының басшысы С. О. Айтқазинаның Павлодар облысының білім беру сапасын арттыру және жаңа 2024-2025 оқу жылына дайындық мәселелері бойынша қабылдауы өтті.
Қабылдау барысында Павлодар облысы білім басқармасының басшысы С.О. Айтқазина Мемлекет Басшысының тапсырмаларын іске асыру, оның ішінде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы бойынша, сондай-ақ өңірде жаңа 2024-2025 оқу жылына дайындық бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы ақпарат берді.
Павлодар облысының білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Г. К. Уздембаева да өңірдің білім беру саласындағы проблемалық мәселелермен сөз сөйледі.
Қабылдау барысында сөз сөйлеу қорытындысы бойынша Ғани Бектайұлы балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету күшейту, психологиялық көмек қызметінің ауқымын кеңейту, өз жұмысында жоғары нәтижелер көрсеткен педагогтарды қолдау көрсету, «Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы» басқарушыларының жаңа құрамын қалыптастыру жөніндегі жобаны іске асыру мәселесі бойынша жұмысты күшейтуді тапсырды.
Сондай-ақ, Павлодар облысы білім басқармасының басшысына білім сапасын арттыру, инфрақұрылымды дамыту, кадрлық әлеуетті күшейту және «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында балалармен және ата-аналармен өзара іс-қимыл бойынша жұмысты жалғастыру тапсырылды.