Сарапшылық фокус-топтың жұмысына қатысуы

Сарапшылық фокус-топтың жұмысына қатысуы

Ағымдағы жылдың 18 маусымда Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту орталығының Діни ахуалды талдау және мониторинг департаменті мамандарымен ұйымдастырылған сарапшылық фокус-топтың жұмысына қатыстым.
Аталған кеңес барысында Қазақстан Республикасындағы діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл, балаларды тәрбиелеудегі діннің рөлі және мектеп формасы мәселелері талқыланды.