Мемлекеттік қызмет көрсету мәселері жөніндегі Ведомствоаралық жұмыс тобының кезекті отырысы өткізілді

Ағымдағы жылдың 21 мамырда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен, мемлекеттік қызмет көрсету мәселері жөніндегі Ведомствоаралық жұмыс тобының кезекті отырысында Департаменттің мемлекеттік көрсетілетін қызметтерінің сапасын арттыру бойынша қабылданатын шаралар туралы басшы Г.К.Уздембаеваның есебі тыңдалды.
Павлодар облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті Ережеге сәйкес екі мемлекеттік қызметті жүзеге асырады, ол: «Білім беру қызметімен айналысуға лицензия немесе оған қосымшаны беру» және «Білім туралы құжаттарға (түпнұсқаларға) апостиль қою».
«Білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру», қызмет www.elicense.kz. портал арқылы көрсетіледі, қызметті алушылар заңды тұлғалар болып табылады.
«Білім туралы құжаттарға (түпнұсқаларға) апостиль қою», қызмет Мемлекеттік корпорация, «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсетіледі, қызметті алушылар жеке тұлғалар болып табылады.
Барлық мемлекеттік қызметтер уақтылы көрсетіледі.