Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру туралы

Павлодар облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті Ережеге сәйкес екі мемлекеттік қызметті жүзеге асырады, ол: Білім беру қызметімен айналысуға лицензия /немесе оған қосымшаны беру және Білім туралы құжаттарға (түпнұсқаларға) апостиль қою
- «Білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру», қызмет www.elicense.kz. портал арқылы көрсетіледі, қызметті алушылар заңды тұлғалар болып табылады.
- «Білім туралы құжаттарға (түпнұсқаларға) апостиль қою», қызмет «Мемлекеттік корпорация» электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсетіледі, қызметті алушылар жеке тұлғалар болып табылады.
2025 жылдың 10 айында (қаңтардан қазанға дейін) Департаментпен лицензия алуға 2 өтініш қаралды, лицензияға қосымша алуға 35 өтініш қаралды, лицензияны қайта ресімдеуге 409 өтініш қаралды.
Павлодар ауданы білім бөлімінің «Бірлік жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-не білім беру қызметін жүргізуге Бас лицензия және жалпы орта білім беру кіші түріне лицензияға қосымша берілді.
«КЕО мектебі» ЖШС-нің Бас лицензия алу туралы өтініші бойынша, біліктілік талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты Департаментпен дәлелді бас тарту жіберілді.
Аталған кезеңде Департаментпен ТжКБ (техникалық және кәсіптік білім беру) ұйымдарына сұранысқа ие мамандықтар бойынша 26 лицензияға қосымша және 8 мектепке білім беру қызметінің кіші түрлері бойынша 8 қосымша берілді.
Лицензияға қосымша алуға берілген 4 мектептің және 9 колледждің өтініші бойынша біліктілік талаптарына сәйкес келмеу себебімен дәлелді бас тартулар жіберілді.
Лицензия және лицензияға қосымша беруден бас тартудың негізгі себептері: Ұсынылған құжаттардың толық болмауы және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 24 қарашадағы №473 бұйрығымен бекітілген Білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарына және оларға сәйкестігін растайтын құжаттар тізбесіне сәйкес келмеу.
Дәлелді бас тартуды дайындау кезінде, Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қызмет алушылардың өкілдерімен тыңдау рәсімдері өткізіліп, бас тарту себептері бойынша түсініктемелер берілді.
Мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру мақсатында, Департамент қызметкерлері тұрақты негізде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.
Биылғы жылдың қаңтар айынан бастап Департаментпен Екібастұз қаласы, Павлодар, Май, Железин, Успен аудандарының білім беру ұйымдарымен 5 көшпелі кеңес, сондай-ақ техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарымен, облыстық мамандандырылған және арнайы мектептермен, Павлодар қаласының мектептерімен 4 кеңес өткізілді.
2025 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енген ҚР Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 30 қарашадағы №483 бұйрығымен бекітілген «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, рухани білім беру, кәмелетке толмағандарға білім беру-сауықтыру қызметі саласында білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына байланысты, ақпан-наурыз айларында Департаментпен лицензияны қайта ресімдеу рәсімі бойынша ұйымдастырушылық алдын ала жұмыстар жүргізілді. Бұл мемлекеттік қызмет облыстың 366 мектебі мен 43 колледжіне толық көрсетілді.
Оқу жылы басталмас бұрын, балаларға арналған қосымша білім беру саласында қызметті бастағаны туралы хабарлама беру бойынша түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды. Бүгінгі таңда барлық 38 мемлекеттік қосымша білім беру ұйымдарында elicense.kz порталында осы хабарламаны бергені туралы талондар бар.
Білім туралы құжаттарға апостиль қою қорытындысы: 2025 жылдың 10 айында (қаңтардан қазанға дейін) 286 білім туралы құжатқа апостиль қойылды, 9 өтініш берушіге апостиль қоюдан бас тартылды.
Апостиль қойылған құжаттар бойынша елдер: Чехия – 63, Түркия – 53, Германия – 49, Италия – 26, Корея – 24, Испания – 13, Польша – 10, Ресей – 9, Австрия – 9, Словакия – 6, Әзірбайжан – 4, Грекия - 4, Венгрия – 3, АҚШ – 2, Қытай – 2, Аргентина – 2, Нидерланды – 2, Португалия – 1, Финляндия – 1, Чили – 1.
Бас тартудың негізгі себептері: Білім туралы құжаттың түпнұсқасын ұсынбау. Жоғары оқу орнының білім туралы құжаттарына апостиль қоюға өтініш беру (бұл құжаттарды Департамент қарамайды).
Ағымдағы жылдың шілде айында Департамент қызметкерлерімен қызмет алушылар тарапынан шағымдарды болдырмау мақсатында құжаттарды қабылдау кезеңіндегі проблемалық сәттерді түсіндіру үшін ХҚКО (ЦОН) өкілдерімен кездесу өткізілді.
Аталған кезең ішінде азаматтардан, заңды тұлғалардың өкілдерінен мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қатысты шағымдар түскен жоқ.
Осы мемлекеттік қызметтер бойынша барлық өтініштер мерзімдерді бұзбай көрсетілді. Негізсіз бас тартуларға шағымдар жоқ, нормативтік-құқықтық актілерде қарастырылмаған құжаттарды талап ету фактілері тіркелген жоқ.
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық және анық ақпаратты қызмет алушыларға ұсыну мақсатында, толық ақпарат Департаменттің ресми интернет-ресурсында, сондай-ақ Департаменттің фойесіндегі стендтерде орналастырылған.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету туралы ақпарат, сенім телефоны және жауапты мамандардың байланыс деректері Департаменттің сайтында және әлеуметтік желілердегі (Facebook, Instagram) парақшаларында жүйелі түрде жаңартылып отырады.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасы туралы мәселе тоқсан сайын аппараттық кеңестерде, сондай-ақ білім беру ұйымдарында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу барысында қаралады. Бұл мәселе тұрақты бақылауда ұсталады.