Павлодар облысы білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің 2025 жылғы I жартыжылдықтағы қызметі туралы ақпарат

Павлодар облысы білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің 2025 жылғы I жартыжылдықтағы қызметі туралы ақпарат

Павлодар облысы білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің
2025 жылғы I жартыжылдықтағы қызметі туралы ақпарат

1. Мемлекеттік бақылау: 2025 жылға бекітілген кестеге сәйкес, 88 орта білім беру ұйымында мемлекеттік аттестаттау өткізу жоспарланған. Есепті кезеңде 28 ұйымда (32%) аттестаттау өткізілді.
Тексеру қорытындысы бойынша барлық ұйымдарға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты (МЖМБС) талаптарына сәйкес келмейтіні туралы қорытындылар, сондай-ақ бұзушылықтарды жою бойынша әдістемелік ұсынымдар мен түсініктемелер берілді.
Анықталған негізгі бұзушылықтар: жұмыс оқу жоспарларындағы сағат санының бағдарламаларға, кестеге және оқу процесінің кестесіне сәйкес келмеуі, оқу пәндерінің базалық мазмұнын игермеу, МЖМБС талаптарына сәйкес ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларды оқыту кезінде инклюзивті білім беру талаптарын орындамау, білім алушылардың апталық оқу жүктемесінің ең жоғары көлемінің сәйкес келмеуі, білім алушылардың дайындық деңгейінің төмендігі.
2. Кешенді тестілеу: Сәуірден мамырға дейін 121 мектепте, оның ішінде 56 мектепте - қайта аттестаттау, 65 мектепте - мемлекеттік аттестаттау бойынша кешенді тестілеу өткізілді. Қатысушылардың жалпы саны - 4317 оқушы: 4-сыныптар – 1755 адам; 9-сыныптар – 2562 адам.
Мемлекеттік аттестаттаудан өткен мектептер бойынша нәтижелер: 2975 оқушы қатысты (4-сыныптар – 1329, 9-сыныптар – 1646). Шекті деңгейді 167 оқушы (5,6%) еңсере алмады: 4-сыныптарда 5 мектепте 36 оқушы (2,7%); 9-сыныптарда 8 мектепте 131 оқушы (7,9%). Мемлекеттік аттестаттау кезіндегі кешенді тестілеу нәтижелері бойынша 13 мектептің оқушылары оң балл жинай алмады.
Қайта аттестаттаудан өткен мектептер бойынша нәтижелер: 1342 оқушы қатысты (4-сыныптар – 426, 9-сыныптар – 916). Шегін 111 оқушы (8%) еңсере алмады: 4-сыныптарда 7 мектепте 72 оқушы (17%), 9-сыныптарда 5 мектепте 39 оқушы (4,2%). Жалпы, қайта аттестаттау қорытындысы бойынша 12 мектептің оқушылары шекті деңгейді еңсере алмады.
3. Қайта аттестаттау: I жартыжылдықта 175 білім беру ұйымында қайта аттестаттау өткізілді. Қайта аттестаттау қорытындысы бойынша 139 мектеп анықталған бұзушылықтарды жойып, 5 жыл мерзімге аттестатталды, 36 мектеп бұрын анықталған бұзушылықтарды жойған жоқ.
4. Барып алдын ала бақылау: I жартыжылдыққа арналған жоспарда 3 орта білім беру ұйымында барып алдын ала бақылау жүргізу көзделген. Бақылау толық көлемде жүргізілді. Алдын ала бақылау қорытындысы бойынша 2 мектепте бұзушылықтар жойылды, мектептер 5 жылға аттестатталды. Барлық ұйымдарға бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар берілді.
5. Жоспардан тыс тексерулер: Екібастұз қаласының музыкалық мектебіне, Баянауыл ауданының Сәтбаев атындағы ОМ, Павлодар қаласының «Жас Дарын» мамандандырылған мектебіне, Екібастұз қаласының №7 бөбекжай-бақшасына және Павлодар облысының Білім басқармасына келіп түскен өтініштер бойынша 7 жоспардан тыс тексеру жүргізілді. Қорытынды бойынша 2 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалып, сотқа жіберілді.
6. Білім беру ұйымдарына мониторингтер: Департамент қызметкерлері келесі бағыттар бойынша мониторинг жүргізді: қала сыртындағы лагерьлер, мектепішілік бақылау, үйде оқыту, педагогикалық этика жөніндегі кеңестердің қызметі және «1300 мектепті жаңарту» және «1000 ауыл мектебін жаңғырту» жобалары бойынша.
Облыс аумағында 11 лагерь, оның ішінде 2 жыл бойы жұмыс істейтін лагерь бар: «Жасдәурен» (Баянауыл ауданы), «Балдәурен» (Павлодар қ.). 9 лагерьде мониторинг жүргізілді.
Мектепішілік бақылау және басқа да бағыттар бойынша мониторинг 28 мектепті қамтыды, «1300 мектепті жаңарту» жобасы бойынша – 29 мектеп, «1000 ауыл мектебін жаңғырту» жобасы бойынша – 8 мектеп.
I жартыжылдық қорытындысы бойынша 57 мектепте және 9 лагерьде мониторинг жүргізілді.
7. Мемлекеттік қызмет көрсету: Департамент екі мемлекеттік қызмет көрсетеді:
«Білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру» қызметі www.elicense.kz порталы арқылы көрсетіледі, қызметті алушылар заңды тұлғалар болып табылады.
«Білім туралы құжаттарға (түпнұсқаларына) апостиль қою» қызметі Мемлекеттік корпорация, «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсетіледі, қызметті алушылар жеке тұлғалар болып табылады.
Департамент 2025 жылдың 1 жартыжылдығында «Білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік қызметі бойынша 455 өтінішті қарады.
Оның ішінде:
Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары:
лицензия берілді – 0; лицензияға қосымшалар берілді – 30; лицензиялар және/немесе қосымшалар қайта ресімделді – 51; дәлелді бас тарту – 9.
Жалпы білім беретін мектептер:
лицензия берілді – 0; лицензияға қосымшалар берілді – 4; лицензиялар және/немесе қосымшалар қайта ресімделді – 360; дәлелді бас тарту – 1.
Бас тарту себептері – Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 24 қарашадағы №473 бұйрығымен бекітілген ұйымдардың білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі.
Дәлелді бас тартуды дайындау кезінде Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабының 1-бөлігіне сәйкес қызмет алушы өкілдерімен тыңдау рәсімі жүргізілді.
Лицензиялау жөніндегі тұрақты комиссияның 5 отырысы өткізілді.
2025 жылдың 1 жартыжылдығында Департаментке білім туралы құжаттарға апостиль қоюға 127 өтініш келіп түсті. 124 білім туралы құжатқа апостиль қойылды; 3 қызмет алушыға бас тартылды.
Бас тарту себептері:
білім туралы құжаттардың көшірмелері ұсынылды – 3.
Есепті кезеңде азаматтардан, заңды тұлғалардың өкілдерінен мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қатысты өтініштер, шағымдар келіп түскен жоқ. Мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімдерін бұзу фактілері тіркелген жоқ.
Қызмет алушыларға мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық және анық ақпарат беру мақсатында толық ақпарат департаменттің ресми интернет-ресурсында, сондай-ақ департаменттің фойесіндегі стендтерде орналастырылған.
Қалалар мен аудандар мектептерінің директорларымен 15 кездесу өткізілді, осы кездесулер аясында мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша рәсімдік сәттер түсіндірілді.
Мемлекеттік қызметтер көрсету туралы ақпарат, сенім телефоны және жауапты мамандардың байланыс деректері Департаменттің сайтында және БСҚД-ның Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшаларында тұрақты негізде жаңартылып отырады.
Департаментке өтініш берушілерден 215 өтініш келіп түсті, оның 144-і қаралды, 56-сы құзыреті бойынша басқа мемлекеттік органдарға жіберілді және 15 өтініш бойынша қарау тоқтатылды.