2025 жылғы 15 қаңтарда Департамент қызметкерлерімен жиналыс өткізілді.

Жиналыста 2024 жылдың қорытындысы шығарылып, қызметке қатысты мәселелер талқыланды және 2025 жылға арналған міндеттер белгіленді. Сондай-ақ, Департаменттің 2025 жылға арналған жұмыс жоспары қаралды.
2024 жылы Департаменттің қызметі келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылды. Мемлекеттік бақылау шараларының жоспары 100% орындалды.
Білім беру сапасын бағалау: бұл бағыт білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізуді, мемлекеттік аттестаттау шеңберінде кешенді тестілеуді өткізуді, Облыстың нысаналы мектептерін қолдау жөніндегі «943 – елдің нысаналы мектептерін дамыту» республикалық жобасының бағдарламасына қатысуды қамтыды. Департамент қызметкерлері сарапшыларды (байқаушыларды) даярлау бойынша жұмыс жүргізді.
2024 жылға арналған кестеге сәйкес 266 білім беру ұйымында, оның ішінде 27 балабақшада, 1 колледжде, 238 мектепте мемлекеттік аттестаттау өткізу жоспарланған.
Қаңтардан бастап Департаментпен 262 білім беру ұйымдарында мемлекеттік аттестаттау өткізілді, бұл 98,4% құрайды. Мемлекеттік аттестаттау 25 балабақшада, 1 колледжде және 236 мектепте өткізілді
Мемлекеттік аттестаттау қорытындысы бойынша 256 ұйымдарынан 6 мектеп оң қорытындысын алды.
Жыл соңына дейін Департамент 102 білім беру ұйымдарында (54 мектеп және 48 балабақша) қайта аттестаттау рәсімін өткізді. Бұл ұйымдар 5 жыл мерзімге аттестатталды.
Сонымен қатар, 10 мектепте МА барысында анықталған бұзушылықтар жойылмағаны анықталды. (Успен ауданының Белоусов, М.Мәметова ат. ЖОББМ, Павлодар ауданының Ефремов, Сычевка ЖОББМ, Маралды ЖНББМ, Аққулы ауданының Қазы ЖОББМ, Ертіс ауданының Амангелді ЖОББМ, Баянауыл ауданының Шөптікөл ЖОББМ, Павлодар қ. №27 ЖОББМ, Ақсу қ.Еңбек ЖОББМ). Осы мектептер қайта аттестаттау рәсімін өткізу қорытындысы бойынша аттестатталмаған және 2025 жылға бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу кестесіне енгізілетін болады.
Сонымен қатар, біліктілік талаптарына сәйкестікке профилактикалық бақылау Аққулы ауданы Шарбақты ЖОББМ, бару арқылы профилактикалық бақылау Успен ауданының Белоусов орта мектебіне, 18 білім беру ұйымдарында жоспардан тыс тексеру мен «Павлодар облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінде бақылау және прокуратура органдарының құрамында мен прокуратура органдарының талаптары бойынша 50 тексерулер жүргізілді.
2024 жылы Департаментпен бастауыш білім беру саласында білім беру қызметімен айналысуға лицензия беруге 1 өтініш (Павлодар қ. № 46 ЖОМ), және 36 лицензияны қайта ресімдеуге және лицензияға қосымша алуға 21 өтініш қаралды, оның ішінде 15 - і лицензияны қайта ресімдеу, білім туралы 349 құжатқа апостиль қойылды, 30 өтініш берушіге апостиль қоюдан бас тартылды.
2024 жылда Департаментте 1 Консультативтік-кеңесші органның және 7 педагогикалық әдеп жөніндегі кеңесі өткізілді.
Әр мәселе бойынша шақырылған өкілдер тыңдалды, кеңес мүшелері тиісті ұсыныстар берді.
Департаменттің қызметкері білім беру ұйымдарында 5 мониторинг өткізді.
2024 жылғы қаңтардан бастап барлығы 207 өтініш келіп түсті, оның ішінде Е-өтініштен – 206, документолог арқылы – 1.
2024 жылы Департамент басшысы мен қызметкерлері Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету Комитетінің барлық жоспарланған іс-шараларына қатысты.
Есепті кезеңде облыстың білім беру ұйымдарымен мемлекеттік аттестаттауды дайындау және өткізу, сондай-ақ қайта аттестаттауды өткізу мәселелері бойынша 7 кеңес өткізілді. Кеңес барысында мемлекеттік бақылау шараларын жүргізу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат мәселесі де қаралды.
Департамент жүргізетін барлық жұмыстар міндетті түрде Департаменттің ресми интернет-ресурстарында орналастырылады.
2024 жылы барлығы 492 жарияланым орналастырылды, оның 125 – і ЕПИРГода, 45 - і жұмысты талдау және қызмет туралы есептер. Сайттың жаңалықтар арнасын жүйелі түрде жаңарту жүргізілуде.
Жиналыс кезінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат пен мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманың талаптары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Мемлекеттік бақылау шараларын жүргізу барысында тәуекелдерді жою үшін барлық мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлқының әдеп нормаларының талаптарын қатаң сақтауы қажет.