Павлодар облысы бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаментімен бірлескен семинар

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Павлодар облысы департаментінің ұйымдастыруымен семинар өтті. Іс-шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметті дамыту Концепциясының 2024-2029 жылдарға арналған негізгі ережелерін, мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілері Әдеп кодексін түсіндіруге бағытталды.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Павлодар облысы департаментінің мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас маманы Таржакаева А. қатысушыларға мемлекеттік қызметті дамыту Концепциясында көзделген өзгерістерді егжей-тегжейлі түсіндірді. Бұл Концепция алдағы бес жылда мемлекеттік қызметтің негізгі бағыттарын айқындайды. Мемлекеттік қызметшілердің кәсібилігі, ашықтығы және жауапкершілігі мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Семинар барысында мемлекеттік қызметшілердің тәртібін реттейтін Әдеп кодекстің ережелері де қарастырылды, соның ішінде оларды ойын-сауық орындарына барудан тартыну қажеттілігі. Таржакаева А. мемлекеттік қызметшілердің этикалық нормаларды сақтау маңызды екендігін, бұл азаматтар мен мемлекеттік органдар арасындағы сенімділікті арттыруға ықпал ететінін атап өтті.

Семинар департамент қызметкерлері үшін мемлекеттік қызмет стандарттарын сақтай отырып, өз міндеттерін тиімді орындау үшін қажетті білім мен дағдыларды берді.