Білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингі туралы

Білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингі туралы

Жыл сайын сәуір айында орта білім беру ұйымдарының базасында білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг өткізіледі (әрі - ББЖМ).

ББЖМ-гі білім беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесінің нысандарының бірі білім беру ұйымдарынан тәуелсіз болып табылады.

ББЖМ-гі үш бағыт бойынша (оқу сауаттылығы, математикалық сауаттылық, жаратылыстану-ғылыми сауаттылық) оқыту тілінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдана отырып, кешенді тестілеу нысанында білім алушылардың білім сапасын бағалау мақсатында өткізіледі.

26 сәуірден 11 мамырға дейін мониторингке Павлодар облысының қалалары мен аудандарының 75 мектеп 4, 9 сыныптарының 1777 оқушысы қатысады.