Павлодар облысының мектептерін кешенді тестілеу

Павлодар облысының мектептерін кешенді тестілеу

Павлодар облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті тестілеу кестесіне сәйкес 2023 жылғы 3-21 сәуір аралығында ағымдағы жылғы қыркүйекте мемлекеттік аттестаттауға жататын жалпы білім беретін мектептердің 4, 9-сыныптарында кешенді тестілеу өткізді.

16 жалпы білім беретін мектептің 13 мектебінде аттестаттаудың бірінші кезеңі өткізілді (Ақтоғай ауданының Шолақсор ЖОББМ, Ақтоғай ауданының Т. Бегелдинов атындағы ЖОББМ, Баянауыл ауданының Ж. Ағаділов атындағы ЖОББМ, Баянауыл ауданының А. Марғұлан атындағы ЖОББМ, Ақсу қаласы Ақжол ауылының ЖОББМ, Ақсу қаласы Сарышығанақ ауылының ЖОББМ, Ақсу қаласының № 4 ЖОББМ, Павлодар қаласының № 11 ЖОББМ, Павлодар қаласының № 39 ЖОББМ, Павлодар қаласының Б. Момышұлы ЖОББМ, Павлодар қаласының № 41 ЖОББМ, Екібастұз қаласының № 18 ЖОББМ, Екібастұз қаласының Марғұлан атындағы ЖОББМ), 3 мектепте - қайта тестілеу (Павлодар қаласының № 12 ЖОББМ, Ақсу қаласының № 7 ЖОББМ, Шарбақты ауданының Шалдай ЖОББМ).