Колледждерді мемлекеттік аттестаттау қорытындылары

Колледждерді мемлекеттік аттестаттау қорытындылары

2023 жылғы 18 сәуірде Павлодар облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының басшыларымен және басшыларының орынбасарларымен кездесу өткізді.

Кездесуде колледждерді мемлекеттік аттестаттау нәтижелері талқыланып, балалардың құқықтарын қорғау мәселелері қаралды.

2023 жылдың 1 тоқсанында колледждерді мемлекеттік аттестаттау қорытындысы бойынша білім беру сапасын сырттай бағалау бөлімінің басшысы А. Т. Культуманова сөз сөйледі. Балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша басшының орынбасары Г.К. Уздембаева сөз сөйледі.

Кездесуде лицензияға қосымша беру, мониторинг жүргізу мәселелері қозғалды және тиісті ұсынымдар берілді.