Орта білім беру ұйымдарын кешенді тестілеу

Орта білім беру ұйымдарын кешенді тестілеу

«Білім туралы» ҚР Заңының 5-бабы 9-тармақшасына және 59-бабына сәйкес меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан бес жылда бір рет Павлодар облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментімен білім беру ұйымдарында мемлекеттік аттестаттау өткізіледі.

Білім алушылардың білім сапасын анықтау үшін жалпы білім беретін мектептердің 4, 9-сыныптарында өткізілетін кешенді тестілеу мемлекеттік аттестаттау критерийлерінің бірі болып табылады. Мектеп бітіруші сынып оқушылары оң бағалардың 40% кем дегенде жинауы керек.

Департаменттің 2022 жылғы 11 қарашадағы №268 «2023 жылы мемлекеттік аттестаттауға жататын Павлодар облысының білім беру ұйымдарының тізбесін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес облыс мектептерінде 3 сәуірден бастап кешенді тестілеу өткізіледі.

Ағымдағы жылдың 18 сәуірі бойынша облыстың 11 мектебінде тестілеу өткізілді. 11 мектептің 10 мектебінде аттестаттаудың бірінші кезеңі өткізілді (Ақтоғай ауданының Шолақсор ЖОББМ, Т. Бегелдинов атындағы ЖОББМ, Баянауыл ауданының Ж. Ағаділов атындағы ЖОББМ, А. Марғұлан атындағы ЖОББМ, Ақсу қаласы Ақжол ауылының ЖОББМ, Сарышығанақ ауылының ЖОББМ, №4 ЖОББМ, Павлодар қаласының №11, 39 ЖОББМ, Б. Момышұлы атындағы ЖОББМ), 1 мектепте (Павлодар қаласының Қ. Бекхожин атындағы ЖОББМ) - қайта тестілеу.