Облыстық техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына мемлекеттік аттестаттау

«Білім туралы» ҚР Заңының 5-бабы 9-тармақшасына және 59-бабына сәйкес меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан бес жылда бір рет Павлодар облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментімен білім беру ұйымдарында мемлекеттік аттестаттау өткізіледі.

Мемлекеттік аттестаттаудың негізгі мақсаты - бақылау субъектілерінің (объектілерінің) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарын бұзуына жол бермеу.

Мемлекеттік аттестаттауды өткізу Департаменттің 2022 жылғы 11 қарашадағы «2023 жылы мемлекеттік аттестаттауға жататын Павлодар облысының білім беру ұйымдарының тізбесін бекіту туралы» №268 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.

Департамент 2023 жылдың 1 тоқсанында облыстың 31 колледжіне бармай мемлекеттік аттестаттау өткізді. Аттестаттау нәтижелері бойынша барлық 31 колледж техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты талаптарының бұзылуына байланысты аттестатталмады:

- жұмыс оқу бағдарламалары сағаттарының жұмыс оқу жоспарларымен, ТжКБ үлгілік оқу жоспарымен жұмыс оқу жоспарларымен сәйкес келмеуі,

- жұмыс оқу бағдарламаларында теориялық және зертханалық-практикалық сабақтар сағаттарының жұмыс оқу жоспарларына сәйкес келмеуі;

- оқу жұмыс жоспарында практика мен теория сағаттарының сәйкес еместігі;

- өндірістік практикаға жіберу туралы бұйрықтың (бұйрықтағы күн) өндірістік оқыту журналындағы күндермен сәйкес келмеуі,

- міндетті оқу уақытының көлемін, білім алушылардың оқу жүктемесінің ең жоғары көлемін сақтамалмауы;

- қорытынды аттестаттауды өткізудің сәйкессіздігі;

- оқу процесі бойынша ұсынылған құжаттардың (жылдық жоспар, жұмыс бағдарламалары, теориялық оқыту журналдары) талаптарға сәйкес келмеуі;

- белгіленген критерийлер бойынша бағалау жүргізу үшін тиісті материалдарды ұсынбау және т.б.

Мемлекеттік аттестаттау қорытындысы бойынша барлық колледждерге анықталған бұзушылықтар мен ескертулермен қорытындылар берілді. ҚР білім беру саласындағы заңнаманы бұзушылықтарды жою бойынша әдістемелік ұсынымдар берілді және қайта мемлекеттік аттестаттау мерзімдері белгіленді.

Қазіргі уақытта мемлекеттік аттестаттаудан өтпеген 31 колледждің  23-і (74,19%) бұзушылықтар мен ескертулерді жою мерзімдері бойынша қайта аттестаттаудан өтіп, 5 жылға аттестатталды, қалған 8 колледжде Департаментпен белгіленген мерзімде қайта аттестаттау өткізілетін болады. Барлық білім беру ұйымдарына Департамент тарапынан әдістемелік көмек көрсетіледі.