Департамент мамандары өңірдегі жыл бойы және маусымдық жұмыс істейтін балаларды сауықтыру орталықтарының басшыларымен түсіндіру жұмыстарын жүргізді

Департамент мамандары өңірдегі жыл бойы және маусымдық жұмыс істейтін балаларды сауықтыру орталықтарының басшыларымен түсіндіру жұмыстарын жүргізді
Кәмелетке толмағандарға білім беру-сауықтыру қызметтерін көрсететін ұйымдардың қызметіне қойылатын біліктілік талаптарына өзгерістер енгізілуіне байланысты
Департамент мамандары өңірдегі жыл бойы және маусымдық жұмыс істейтін балаларды сауықтыру орталықтарының басшыларымен түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Бұл іс-шара «Білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 24 қарашадағы № 473 бұйрығына өзгерістер енгізілуіне байланысты ұйымдастырылды.
Аталған өзгерістер кәмелетке толмағандарға білім беру-сауықтыру қызметтерін көрсететін ұйымдардың қызметіне қойылатын талаптарды реттейді.
Бұл нормаларды енгізу кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін бақылауды күшейтуге, олардың болу жағдайларын жақсартуға және көрсетілетін қызметтердің жалпы сапа деңгейін арттыруға бағытталған.
Қазіргі уақытта лагерьлер мен орталықтарды лицензиялау рәсіміне дайындау процесі ерекше бақылауда және жоспарлы режимде жүргізілуде.