«Назаровская негізгі жалпы білім беретін мектебі» КММ-де жоспардан тыс тексеру жүргізді

Павлодар облысының Білім сапасын қамтамасыз ету департаменті (әрі қарай - Департамент) «Назаровская негізгі жалпы білім беретін мектебі» КММ-де жоспардан тыс тексеру жүргізді.
«Негізгі орта білім» білім беру қызметінің кіші түріне лицензияға қосымшасыз оқу процесін жүргізу фактісі анықталды. Тексеру қорытындысы бойынша бұзушылықты жою мерзімі көрсетілген ұйғарым шығарылды.
Департамент аталған құқық бұзушылық Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 464-бабының 1-тармағы бойынша әкімшілік іс қозғауға әкеп соғатынын ескертеді.