
Ағымдағы аптада Департамент басшысы Г.К. Уздембаева азаматтарды жеке қабылдау бойынша 2 кездесу өткізді. Өтініш берушілер келесі мәселелер бойынша жүгінген: білім туралы дипломның оқытатын пәнге сәйкестігі, білім беру ұйымын мемлекеттік аттестаттау туралы және Кеңжекөл ауылында білім беру орталығын ашу.
Қабылдау қорытындысы бойынша ұсыныстар берілді. ҚР «Білім туралы» және «Педагог мәртебесі туралы» заңдарына сәйкес, оқытушылардың білімі олар жүргізетін пәнге және олардың лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес болуы тиіс.
Білім беру орталығын ашу бойынша мәселе Департаменттің құзыретіне кірмейтіндіктен, кәсіпкерлік палатасына жүгіну ұсынылды.
Сондай-ақ, қабылдау барысында білім беру ұйымдарын аттестаттауды өткізу мәселелері бойынша консультациялар берілді.