
18 қыркүйекте Департамент басшысы Г.К.Уздембаева Әбу Бәкір Сыддық колледжінің әкімшілігімен кездесу өткізді.
Кездесу барысында оқу процесін ұйымдастыру мәселелері, сондай-ақ 2025-2026 жаңа оқу жылына арналған жоспарлар талқыланды. Басшы колледж жұмысының негізгі мәселелері бойынша бірқатар ұсыныстар берді.
Колледжде оқу процесі Мемлекеттік білім беру стандартына сәйкес жүргізіледі. Тәрбие жұмысы үшін «Адал азамат» – Біртұтас тәрбие бағдарламасы әзірленген. Факультативтік және спорт секциялары ұйымдастырылған.
Демеушілер есебінен салынған жаңа оқу корпусын ашу жоспарлануда. Сондай-ақ, жаңа оқушы жиһазы мен жабдықтары сатып алынды.