Меню

Страницы

Статья

Педагог мәртебесі: кәсіби сын-қатерлер мен болашағы


Білім беру — кез келген мемлекеттің болашағы құрылатын іргетас, ал осы іргетастың бас сәулетшісі — мұғалім. Бүгінгі таңда Қазақстанда мұғалімдерді қолдау үшін бұрын-соңды болмаған жағдайлар жасалған. Қабылданған «Педагог мәртебесі туралы» ҚР Заңы құқықтық өрісті түбегейлі өзгертті: жалақы өсті, мұғалімдерді өзіне тән емес функцияларға тартуға заңнамалық тұрғыдан тыйым салынды, әлеуметтік қорғау күшейтілді.
Дегенмен, жарияланған құқықтар мен мемлекеттік кепілдіктер — мәселенің бір жағы ғана. Екінші, маңызы кем түспейтін жағы — бұл педагогикалық қауымдастық күнделікті бетпе-бет келетін кәсіби сын-қатерлер мен терең ішкі трансформацияны талап ететін жаңа мүмкіндіктер.
Қазіргі әлем педагогтен тек білімді жеткізуші болуды емес, жоғары деңгейдегі икемділік пен цифрлық сауаттылықты талап етеді. Жаңа білім беру бағдарламаларын интеграциялау және білім беруді цифрландыру жағдайында мұғалімнің өзі де үздіксіз білім алуы тиіс.
Алайда, бүгінгі күннің басты сын-қатері — кәсіби әдеп пен психологиялық тұрақтылық. Педагог әрдайым қоғамның: әкімшілік, ата-аналар, оқушылар және әлеуметтік желілер тарапынан болатын жіті назарында. Осындай жағдайда педагогикалық әдеп нормаларын мүлтіксіз сақтау — мұғалімнің қорғанысы мен беделінің маңызды құралына айналады.
Департамент жанындағы Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестің тәжірибесі көрсеткендей, педагог мәртебесін қорғау — бұл екіжақты процесс. Мектеп ортасында туындайтын қақтығыстардың көпшілігі — алдын алу жұмыстарының осалдығы мен құқықтық сауаттылықтың жеткіліксіздігінен болады. Біз мұғалімдердің құқықтарының кез келген бұзылуына тосқауыл қоямыз, бірақ сонымен бірге мектеп әкімшілігінен кәсіби стандарттардың сақталуын да дәл сондай принципшілдікпен талап етеміз.
2026 жылдың 1-жартыжылдығында облыстық Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңес 7 өтінішті қарады. Бұл жағдайларды талдау заңның педагогті қорғайтынын, бірақ педагогтің өзі де кез келген жағдайда такт сақтай отырып, білім алушылар мен олардың ата-аналарының ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеуге міндетті екенін нақты көрсетеді.
Мұғалімнің рөлін ұғынуда елдегі құқықтық модернизация маңызды белес болды. Құқықтық стандарттарды мектеп өміріне интеграциялау — құрғақ теория емес, нақты тәжірибе. Бұған Департамент ұйымдастырған, Павлодар қаласының мектеп директорларын, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларын және тарих пәні мұғалімдерін қосқанда 350-ден астам қатысушының басын қосқан «Педагогикалық әдеп және Негізгі заң: мұғалімнің жауапкершілігі мен құқықтарының қырлары» атты ауқымды аймақтық диалог алаңы жарқын мысал бола алады. Аудиторияның қызығушылығы, спикерлердің төрт мазмұнды баяндамасы және сұрақ-жауап сессиясы аймақ педагогтерінің еліміздің жаңартылған Негізгі Заңының құндылықтарын күнделікті білім беру процесіне белсенді енгізуге, жергілікті жерлерде әдеп стандарттарын нығайтуға дайын екендігін көрсетті.
Адам құқықтарының конституциялық кепілдіктері мектепке тікелей әсер етеді. Баланың тұлғасына құрмет көрсету, педагогтің өз құқықтарын қорғау, қауіпсіз және инклюзивті орта құру — бұл жай ғана декларация емес, құқықтық міндеттер.
Қазіргі мектеп директоры немесе қатардағы мұғалім — бұл, ең алдымен, оқу процесін заңдылық, ашықтық пен әділдік негізінде басқаратын құқықтық менеджер.
Педагогикалық мәртебе институтын дамытудың болашағы қандай? Департамент бұл болашақты жазалау шараларынан терең, жүйелі профилактикаға көшуден көреді.
Өңірдің Білім беру басқармасымен және әдістемелік кабинеттерімен бірлесе отырып, Департамент жаңа превентивті механизмдерді енгізуде. Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестің 2026 жылға арналған жұмыс жоспары бірлескен профилактикалық іс-шаралардың ауқымды блогымен толықтырылды. Олардың мақсаты — құқықтық ағарту, кәсіби жанудың (выгорание) алдын алу және мұғалімдердің құқықтарын қорғау тетіктерін түсіндіру.
Біз әрбір білім беру ұйымындағы Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестердің «тәртіптік комиссиялар» емес, даулы жағдайлар медиация, ашықтық және өзара құрмет принциптерімен шешілетін беделді диалог алаңдарына айналуына ұмтыламыз.
Педагог мәртебесі — динамикалық санат. Мемлекет материалдық және құқықтық базаны қамтамасыз етті. Ендігі қадам — кәсіби қауымдастықтың еншісінде. Қазақстандық мектептің болашағы — цифрлық дәуірдің сын-қатерлерінен қорықпайтын, егемен Қазақстанның жаңа ұрпағын сенімді түрде алға жетелейтін күшті, құқықтық сауатты, жоғары әдепті және қорғалған мұғалім.

Павлодар облысы білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Г.Уздембаева

Дата публикации
02 июля 2026
Дата обновления
02 июля 2026
Тип

Сейчас читают

Мақалалар
13 октября 2026
Павлодар облысының қоғамдық-саяси «Звезда Прииртышья» газетіне арналған мақала
Мақалалар
13 октября 2026
«Sharbaqty» аудандық қоғамдық-саяси газетіне арналған мақала
Мақалалар
13 октября 2026
«Заря» Тереңкөл аудандық газетінің редакциясына арналған мақала

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы