Департаментпен 2024 жылдың 2 тоқсанында мектептерден лицензияларды қайта ресімдеуге 9 өтініш және колледжден лицензияға қосымшаға 1 өтініш қаралды.
Қайта тіркеу рәсімі заңнамада белгіленген мерзімде жүргізілді.
Лицензияға қосымшаны беру туралы өтініш бойынша өтініш берушіге дәлелді бас тарту жіберілді.
2024 жылдың 2 тоқсанында білімі туралы құжаттарға апостиль қоюға 169 өтініш түсті.
121 құжатқа апостиль қойылды, 5 өтініш берушіге апостиль қоюдан бас тартылды.
Білім туралы құжаттардың басым бөлігі келесі елдерге бару үшін апостиль қойылған: Италияға - 13, Германияға - 25, Австрияға - 6, Словакияға - 9, Чехияға - 10, Кореяға - 21, Испанияға - 3, Литваға - 1, Польшаға - 6, Түркия – 25, Эстония – 1, Франция – 1.
Бас тартудың негізгі себептері:
- білімі туралы құжаттың түпнұсқасын ұсынбау;
- төлем жоқ.
Көрсетілетін қызметті алушыларды мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық және шынайы ақпаратпен қамтамасыз ету мақсатында басқарманың ресми интернет-ресурсында толық ақпарат, сондай-ақ басқарма фойесінде стендтерде көрнекі ақпарат орналастырылған.
Мемлекеттік қызмет көрсетуге барлық өтініштер мерзімі бұзылмай ұсынылды. Негізсіз бас тартуға шағымдар, сондай-ақ құжаттарды талап ету фактілері заңнамалық актілерде көзделмеген.