Павлодар облысының білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету Департаментінің 2026 жылғы 1 тоқсан бойынша білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің қызметі туралы есебі
- Мемлекеттік бақылау 2026 жылға 13 білім беру ұйымдарында мемлекеттік аттестаттау, 6 орта білім беру мектебі, 1 кәсіптік техникалық колледж және 6 мектепке дейінгі білім беру мекемесінде, бару арқылы профилактикалық бақылау 11 орта білім беру мектебінде жоспарланған.
- Бару арқылы профилактикалық бақылау Жоспарға сәйкес ағымдағы жылдың 1 тоқсанында 7 білім беру ұйымына бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізіліп оның 5 білім беру ұйымына мемлекеттік аттестаттау қорытындысы бойынша оң анықтама берілді. Сонымен қатар, барлық білім беру мекемелеріне бару арқылы профилактикалық бақылау қорытындысына сәйкес анықталған бұзушылықтарды жою бойынша нұсқама берілді.
- Қайта аттестаттау бармай мемлекеттік аттестаттау қайта аттестаттау жүргізілген 3 білім беру ұйымының 1 білім беру ұйымына мемлекеттік аттестаттау қортындысы бойынша теріс қорытынды берілді.
- Жоспардан тыс тексерулер Есептік кезеңде департамент тарапынан өтініштер негізінде 4 жоспардан тыс тексеру жүргізілді. Тексеру – берілген нұсқаманың орындалмауына байланысты 1 жоспардан тыс тексеру жүргізілді. Тексеру нәтижесі бойынша 4 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды.
- Әкімшілік құқықбұзушылық тәжірибесі ағымдағы жылы Департаментте 10 әкімшілік құқықбұзушылық хаттамасы құрастырылды. Оның ішінде 409 бабы 2 тармағы бойынша 6 іс, 409 бабы 4 тармағы 1 тармақшасы бойынша 3 іс, 409 бабы 4 тармағы бойынша 3 тармақшасы -1 іс, 127-1 бабы 1 тармағы бойынша 2 іс, 409 бабы 2 тармағы бойынша 6 іс
- Білім беру ұйымдарына мониторинг Оқу-ағарту министірлігінң тапсырмасына сәйкес «Келешек» мектептеріне көшпелі мониторинг негізінде оқу-процессінің ұйымдастырылуы бойынша талдау жүргізілінді.
Дата публикации
01 апреля 2026