Департамент басшысының 2026 жылдың 1-тоқсанында азаматтарды жеке қабылдауы бойынша есебі

2026 жылдың 1-тоқсанында Департамент басшысы Г.К. Уздембаева 4 жеке қабылдау өткізді. Кездесулер барысында өтініш білдірушілер келесі мәселелерді көтерді:
оқу ақысының уақтылы төленбеуіне байланысты университеттегі сабақтарға жіберілмеу, білім беру ұйымдарын аттестаттау және мекеме басшыларын жауапкершілікке тарту мәселелері, ерекше білім беру қажеттіліктері (ЕБҚ) бар балалардың құқықтарын сақтау.
Қабылдау кезінде облыстық білім беру ұйымдарының біріндегі ЕБҚ бар баланың құқықтарына қатысты өтінішке ерекше көңіл бөлінді. Өтініш иесі оқу процесін ұйымдастыру, санитарлық-гигиеналық талаптардың сақталуы, түзету-дамыту көмегінің қолжетімділігі және лауазымды тұлғалардың іс-әрекеттеріне құқықтық баға беру қажеттілігі туралы уәждерін білдірді.
Қабылдау қорытындысы бойынша: барлық мәселелер жан-жақты қаралып, тиісті ұсынымдар берілді. Мәселе Департаменттің құзыретіне кірмеген жағдайда, азаматтарға қайда жүгіну керектігі туралы түсініктемелер мен мәліметтер ұсынылды.

Дата публикации
31 марта 2026