2026 жылдың 1 тоқсанында Департамент лицензияға қосымшаларды беру туралы 10 өтініш қарады.
Облыс колледждерiнiң өтiнiштерi негізінде ТжКББ-ның қажеттi 3 мамандығы бойынша және 3 жалпы бiлiм беретiн мектепке бiлiм беру қызметiнiң кiшi түрлерiне лицензияға қосымшалар берiлдi.
Лицензияға қосымшаны алуға 4 өтініш бойынша дәлелді бас тартулар жіберілді.
Бас тарту себептері - құжаттардың толық емес топтамасы, біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі.
2026 жылдың 1 тоқсанында білімі туралы құжаттарға 45 құжатқа апостиль қойылды, 2 өтініш берушіге апостиль қоюдан бас тартылды.
Білім туралы құжаттардың басым бөлігі келесі елдерге бару үшін апостиль қойылған: Австрия – 1, Аргентина – 8, Германия – 5, Греция – 8, Испания – 2, Корея – 8, Литва – 1, Польша – 1, Румыния– 1, Словакия – 3, Сербия – 3, Турция – 1, Чехия –3.
Бас тарту себебі аттестатты растаудың және біліктілікті беру туралы куәліктің білім беру ұйымы тарапынан құжатты беру туралы болмауы болып табылады.
Көрсетілетін қызметті алушыларды мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық және шынайы ақпаратпен қамтамасыз ету мақсатында басқарманың ресми интернет-ресурсында толық ақпарат, сондай-ақ басқарма фойесінде стендтерде көрнекі ақпарат орналастырылған.
Мемлекеттік қызмет көрсетуге барлық өтініштер мерзімі бұзылмай ұсынылды. Негізсіз бас тартуға шағымдар, сондай-ақ құжаттарды талап ету фактілері заңнамалық актілерде көзделмеген.