Павлодар облысының Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңесінің 2026 жылғы 1 тоқсанның қызметі туралы есеп

        2026 жылдың 1-тоқсанында Павлодар облысының Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңесінің (бұдан әрі – Кеңес) 2 отырысы өткізіліп, 6 мәселе қаралды.

        Кеңеске Тереңкөл ауданы білім беру бөлімі басшысының аудандағы мектептердің бірінің әкімшілігіне қатысты түскен өтініштер негізінде білім беру ұйымдарының басшылары мен өзге де лауазымды тұлғалардың «Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының нормаларын және білім беру ұйымдарындағы педагогикалық әдеп қағидаларын сақтауы бойынша атқарылған қызметі туралы ақпарат ұсынылды.

      Ақпарат қабылданып, келесідей ұсынымдар берілді: 1. Білім беру ұйымдарының басшыларымен және педагогтермен «Педагог мәртебесі туралы» ҚР Заңының талаптары мен педагогикалық әдеп нормаларын мүлтіксіз сақтау бойынша жүйелі негізде жұмыс жүргізілсін. 2. Педагогтердің, оның ішінде білім беру ұйымдары басшыларының «Педагог мәртебесі туралы» ҚР Заңының талаптары мен педагогикалық әдеп нормаларының талаптарын сақтау мәселесі тұрақты бақылауда ұсталсын.

      Департаментке Кеңес отырысында қарау үшін Тереңкөл ауданы, Екібастұз қаласы мектептерінің және облыстық мамандандырылған мектептердің бірінің педагогтерінен 5 өтініш түсті.

Кеңес қарауының қорытындысы бойынша 2 мұғалімді тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсынымдар берілді. Педагог мәртебесін бұзу бойынша педагогтерді жауапкершілікке тарту жағдайлары болған жоқ.

      Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңес туралы ережеге сәйкес, Кеңестің міндеттері мен функцияларының бірі: педагогтердің жауапкершілігі туралы мәселені дұрыс қарау үшін қажетті және жеткілікті мән-жайларды жан-жақты, толық және объективті зерттеу;  педагогикалық әдептің бұзылуына ықпал ететін себептер мен жағдайларды қарау және олардың негізінде білім беру ұйымының және білім беру бөлімінің басшысына ұсынымдар әзірлеу болып табылады.

       Сондай-ақ, «Педагог мәртебесі туралы» ҚР Заңының 15-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес: «Педагогтің міндеттері: 1. Педагог: 4) педагогикалық әдепті сақтауға міндетті».

       Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 мамырдағы № 190 бұйрығымен бекітілген Педагогикалық әдеп қағидаларының 2-тарауы 6-тармағының 3) тармақшасына сәйкес: «Педагогикалық әдептің негізгі принциптері мыналар болып табылады: 3) адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеу: Педагог білім алушылар мен тәрбиеленушілердің, олардың ата-аналарының (заңды өкілдерінің), өзінің кәсіби назарында болатын адамдардың ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтейді, олармен қарым-қатынаста әдептілік танытады».

Дата публикации
31 марта 2026