2025 жылдың екінші жартыжылдығына арналған жоспарға сәйкес, 29 жалпы орта білім беру ұйымдарына бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу жоспарланған. Есептік кезеңде 4 білім беру ұйымында бақылау жүргізілді.
Бақылау нәтижесінде аталған 4 мектепте бұрынғы мемлекеттік аттестаттау барысында анықталған бұзушылықтар жойылып, олар 5 жыл мерзімге қайта аттестатталды.
Сонымен қатар, барлық ұйымдарға анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді.
Есептік кезеңде департамент тарапынан бір жоспардан тыс тексеру жүргізілді. Тексеру – берілген нұсқаманың орындалмауына байланысты ұйымдастырылды. Тексеру нәтижесі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды.
Бекітілген жоспарға сәйкес, III тоқсанда келесі бағыттар бойынша мониторингтер жүргізілді: