2025 жылдың 2 тоқсандағы мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша ақпарат

Департаментпен 2025 жылдың 2 тоқсанында лицензияларды қайта ресімдеуге 360 өтініш және қосымшаны беру туралы 22 өтініш қаралды. Лицензиялық комиссияның 5 отырысы өткізілді.

            Қайта тіркеу рәсімі заңнамада белгіленген мерзімде жүргізілді.

            Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына сұраныс бар мамандықтар бойынша және мектептерге білім беру қызметінің кіші түрлері бойынша лицензияға қосымшалар берілді.

Лицензияға қосымшаны алуға 6 өтініш бойынша дәлелді бас тартулар жіберілді.

            Бас тартудың негізгі себептері: біліктілік талаптарына сәйкес келмеу.

            2025 жылдың 2 тоқсанында білімі туралы құжаттарға 75 құжатқа апостиль қойылды, 3 өтініш берушіге апостиль қоюдан бас тартылды.

            Білім туралы құжаттардың басым бөлігі келесі елдерге бару үшін апостиль қойылған: Австрия – 5, Германия – 6, Греция – 4, Испания – 4, Италия – 9, Нидерланды – 2, Катар – 1, Китай – 1, Корея – 15, Польша – 4, Португалия – 1, Россия – 8, Словакия – 3, Турция – 11, Финляндия – 1, Чехия –4, Чили - 1.   

            Бас тартудың негізгі себептері:

- білімі туралы құжаттың көшірмесін ұсыну.

            Көрсетілетін қызметті алушыларды мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық және шынайы ақпаратпен қамтамасыз ету мақсатында басқарманың ресми интернет-ресурсында толық ақпарат, сондай-ақ басқарма фойесінде стендтерде көрнекі ақпарат орналастырылған.

Қалалар мен аудандардағы мектеп директорларымен 15 кездесу өткізіліп, оның барысында мемлекеттік қызмет көрсетудің процедуралық аспектілері түсіндірілді.

Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігіне сәйкес дәлелді бас тартуды дайындау кезінде көрсетілетін қызметті алушының өкілдерімен тыңдау рәсімі өткізілді, онда бас тарту себептері бойынша түсініктемелер берілді.

            Мемлекеттік қызмет көрсетуге барлық өтініштер мерзімі бұзылмай ұсынылды. Негізсіз бас тартуға шағымдар, сондай-ақ құжаттарды талап ету фактілері заңнамалық актілерде көзделмеген.

Дата публикации
01 июля 2025