Департаментпен 2025 жылдың 1 тоқсанында лицензияларды қайта ресімдеуге 51 өтініш және қосымшаны беру туралы 12 өтініш қаралды.
Қайта тіркеу рәсімі заңнамада белгіленген мерзімде жүргізілді.
Жоғары оқу орындары жанындағы колледждерге білім беру қызметімен айналысуға бас лицензиялар берілді.
Лицензияға қосымшаны алуға 4 өтініш бойынша дәлелді бас тартулар жіберілді.
Бас тартудың негізгі себептері: біліктілік талаптарына сәйкес келмеу.
2025 жылдың 1 тоқсанында білімі туралы құжаттарға 44 құжатқа апостиль қойылды, 4 өтініш берушіге апостиль қоюдан бас тартылды.
Білім туралы құжаттардың басым бөлігі келесі елдерге бару үшін апостиль қойылған: Австрия – 1, Венгрия – 1, Германия – 17, Италия – 5, Корея – 1, Польша – 4, Россия – 1, Словакия – 2, США – 1, Турция – 2, Чехия – 9.
Бас тартудың негізгі себептері:
- білімі туралы құжаттың көшірмесін ұсыну;
- білім беру ұйымынан емес құжаттарға апостиль қою туралы өтініш.
Көрсетілетін қызметті алушыларды мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық және шынайы ақпаратпен қамтамасыз ету мақсатында басқарманың ресми интернет-ресурсында толық ақпарат, сондай-ақ басқарма фойесінде стендтерде көрнекі ақпарат орналастырылған.
Мемлекеттік қызмет көрсетуге барлық өтініштер мерзімі бұзылмай ұсынылды. Негізсіз бас тартуға шағымдар, сондай-ақ құжаттарды талап ету фактілері заңнамалық актілерде көзделмеген.