2024 жылғы 4 тоқсанда мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша ақпарат

Департаментпен 2024 жылдың 4 тоқсанында лицензияларды қайта ресімдеуге 3 өтініш және қосымшаны беру туралы 5 өтініш қаралды.

Қайта тіркеу рәсімі заңнамада белгіленген мерзімде жүргізілді.

Бір мектепке білім беру қызметінің кіші түрі – негізгі орта білім беру лицензиясына қосымша берілді.          

Техникалық және кәсіптік білім беру мамандықтары бойынша лицензия қосымшасын алуға 4 өтініш бойынша колледждерге дәлелді бас тартулар жіберілді.

Бас тартудың негізгі себептері: біліктілік талаптарына сәйкес келмеу.

2024 жылдың 4 тоқсанында білімі туралы құжаттарға 37 құжатқа апостиль қойылды, 4 өтініш берушіге апостиль қоюдан бас тартылды.

Білім туралы құжаттардың басым бөлігі келесі елдерге бару үшін апостиль қойылған: Германия – 11, Турция – 3, Польша – 4, Испания – 3, Чехия – 2, Россия – 1, Корея – 1, Словакия – 3, США – 4, Албания – 2, Беларусь -1, Канада -1, Италия  -1.   

Бас тартудың негізгі себептері:

- білімі туралы құжаттың түпнұсқасын ұсынбау;

- ЖОО білімі туралы құжаттарға апостиль қоюға өтініш.

Көрсетілетін қызметті алушыларды мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық және шынайы ақпаратпен қамтамасыз ету мақсатында басқарманың ресми интернет-ресурсында толық ақпарат, сондай-ақ басқарма фойесінде стендтерде көрнекі ақпарат орналастырылған.

Мемлекеттік қызмет көрсетуге барлық өтініштер мерзімі бұзылмай ұсынылды. Негізсіз бас тартуға шағымдар, сондай-ақ құжаттарды талап ету фактілері заңнамалық актілерде көзделмеген.

Дата публикации
31 декабря 2024