2024 жылғы 3 тоқсанда мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша ақпарат

Департаментпен 2024 жылдың 3 тоқсанында мектептерден лицензияларды қайта ресімдеуге 3 өтініш және колледжден лицензияға қосымшаға 13 өтініш қаралды.

            Қайта тіркеу рәсімі заңнамада белгіленген мерзімде жүргізілді.

            Лицензияға қосымшаны беру туралы 13 өтініш бойынша өтініш берушіге дәлелді бас тарту жіберілді.

            Бас тартудың негізгі себептері: біліктілік талаптарына сәйкес келмеу.

            2024 жылдың 3 тоқсанында білімі туралы құжаттарға 158 құжатқа апостиль қойылды, 8 өтініш берушіге апостиль қоюдан бас тартылды.

            Білім туралы құжаттардың басым бөлігі келесі елдерге бару үшін апостиль қойылған: Австрия –  2, Азербайджан – 1, Армения – 1, Бразилия – 1, Германия – 6, Испания –  9, Италия – 4, Литва – 2, Польша – 13, Корея – 19, Россия – 1, Словакия – 6, США – 1, Венгрия – 1, Кипр – 1, Франция –  2, Турция – 73, Чехия–  19.   

            Бас тартудың негізгі себептері:

- білімі туралы құжаттың түпнұсқасын ұсынбау;

- төлем жоқ.

            Көрсетілетін қызметті алушыларды мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық және шынайы ақпаратпен қамтамасыз ету мақсатында басқарманың ресми интернет-ресурсында толық ақпарат, сондай-ақ басқарма фойесінде стендтерде көрнекі ақпарат орналастырылған.

            Мемлекеттік қызмет көрсетуге барлық өтініштер мерзімі бұзылмай ұсынылды. Негізсіз бас тартуға шағымдар, сондай-ақ құжаттарды талап ету фактілері заңнамалық актілерде көзделмеген.

Дата публикации
08 октября 2024