2024 жылға 266 білім беру ұйымдарында мемлекеттік бақылау жүргізу жоспарланған, оның ішінде 27 мектепке дейінгі ұйымдарда, 238 мектепте, 1 колледжде. 2024 жылғы 1-тоқсанының кестесіне сәйкес 27 мектепке дейінгі ұйымдарда, 1 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында мемлекеттік аттестаттау өткізу жоспарланған. Есептік кезеңде Департамент 22 мектепке дейінгі ұйымға және 1 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымына бармай мемлекеттік аттестаттау өткізді. 23 білім беру ұйымдарының барлығы аттестатталмаған, бұл 100% құрайды. Ағымдағы жылдың 4 сәуірінде 3 мектепке дейінгі тәрбие және білім беру ұйымдарында мемлекеттік аттестаттау аяқталады. 27 ұйымның 25-нде мемлекеттік аттестаттау өткізілді. Мемлекеттік аттестаттаудан өткен білім беру ұйымдарына мемлекеттік аттестаттау қорытындысы бойынша оларды жою тәртібін міндетті түрде түсіндіре отырып, әдістемелік ұсынымдармен қорытындылар берілді. Аттестаттау барысында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының (МЖМБС) мынадай кемшіліктер анықталды: Негізгі кемшіліктер: оқу жұмыс жоспарлары мен ұйымдастырылған қызмет торы сағаттарының санының сәйкес келмеуі, максималды нормативтік жүктеме, тәрбиеленушілердің жеке даму карталарының МЖМБС талаптарына сәйкес келмеуі. Жоспардағы 2 мектепке дейінгі мекеме мемлекеттік атестаттаудан келесі себептерге сәйкес өткізілінбеген. 2023 жылғы 30 желтоқсандағы №01 қызметін тоқтату туралы шешімне сәйкес «Самал» жекеменшік балабақшасының қызметі тоқтатылған. Павлодар облысының білім басқармасы, Екібастұз қаласы білім беру бөлімінің «№28 сәбилер бақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын 2022 жылғы 23 қарашадағы №RZ33RVK00041797 мектепке дейінгі тәрбие мен білім беруді оқыту саласындағы қызметті жүзеге асырудың басталғаны туралы хабарламасына сәйкес 2022 жылғы желтоқсанынан бастап қызметін бастағаны туралы құжаттар ұсынылды. Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау белгіленген кестеге сәйкес жалғасады.2024 жылдың 1 тоқсанында Департаментпен Павлодар облысының білім басқармасы, Павлодар қаласының білім беру бөлімінің «Павлодар қаласының №46 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-ден бастауыш білім беруге лицензия және лицензияға қосымша алуға 1 өтініш қаралды.