2026 жылғы III тоқсанда Павлодар облысы білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы азаматтарды екі рет жеке қабылдау өткізді, оның шеңберінде білім беру мекемелерінің өкілдері мен азаматтардың білім беру саласының жұмыс істеуіне қатысты мәселелері қаралды.
Жекеменшік мектептің өкілдерімен кездесу өткізіліп, оның барысында жекеменшік білім беру ұйымдарының ағымдағы қызметінің өзекті мәселелері мен ерекшеліктері, соның ішінде мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарын сақтау және нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету мәселелері қаралды.
Өтініш берушінің педагогты білім беру ұйымына жұмысқа орналастыру тәртібі мен шарттары туралы мәселесі қаралды. Қазақстан Республикасының қолданыстағы еңбек заңнамасына және педагог қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес толық түсіндірмелер берілді.
Барлық түскен өтініштер бойынша азаматтар мен ұйымдардың өкілдеріне егжей-тегжейлі консультациялар мен құқықтық түсіндірмелер берілді.
Қосымша зерделеуді талап ететін мәселелер Департамент басшысының жеке бақылауына алынды, тиісті құрылымдық бөлімшелерге қаралған мәселелерді сүйемелдеу бойынша тапсырмалар берілді.