2026 жылдың 3 тоқсанында Департаменттің Әдеп жөніндегі уәкілі 2 семинар өткізді, олардың бірі Департамент қызметкерлерімен Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексін мүлтіксіз сақтау, мүдделер қақтығысының алдын алу және қызметтік әдеп стандарттары бойынша ұйымдастырылды. Семинарда Әдеп кодексі бұзушылықтарының алдын алу, мүдделер қақтығысына жол бермеу, жұмыс орнындағы және әлеуметтік желілердегі киім үлгісі (дресс-код) мен қарым-қатынас мәдениетін сақтау мәселелері қарастырылды.
Ағымдағы жылдың 3 қыркүйегінде мемлекеттік аттестаттаудан өтетін білім беру ұйымдарының басшыларының қатысуымен семинар өткізілді. Білім беру ұйымдарының басшыларына сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік, аттестаттау кезінде мүдделер қақтығысына жол бермеу, рәсімдердің ашықтығы және ақша қаражатын жинау фактілерінің алдын алу туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Департаментте тұрақты негізде Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және Әдеп кодексі салаларындағы заңнаманы сақтау, сыбайлас жемқорлық фактілерінің алдын алу және оның жолын кесу, заңнама бұзушылықтарына жол бермеу мәселелері бойынша кеңестер мен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланымдар жасалуда. Бұдан басқа, департаменттің мемлекеттік қызметшілерімен артық жұмыс уақытына, оның ішінде мереке және демалыс күндеріндегі жұмысқа жол бермеу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Атқарылған жұмыстар туралы барлық ақпарат департаменттің сайтында, Фейсбук және Инстаграм парақшаларында орналастырылды.
Есептік кезеңде Департамент бойынша сыбайлас жемқорлық сипатындағы және мүдделер қақтығысын бұзу фактілері анықталған жоқ.