БАСПАСӨЗ ПАРАҒЫ Қызылорда облысының білім сапасын қамтамасыз ету департаментінің басшысы М. Бекмағанбетовтің қатысуымен «Қызылорда облысының білім сапасын қамтамасыз ету департаментінің 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында атқарған қызметі және алдағы міндеттері» тақырыбындағы брифинг

БАСПАСӨЗ ПАРАҒЫ  Қызылорда облысының білім сапасын қамтамасыз ету департаментінің басшысы М. Бекмағанбетовтің қатысуымен «Қызылорда облысының білім  сапасын қамтамасыз ету департаментінің 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында атқарған қызметі және алдағы міндеттері» тақырыбындағы брифинг

Өткізілетін орны: Қызылорда қаласы, Сұлтан Бейбарыс көшесі, 1.

Қызылорда облысы әкімдігі жанындағы Өңірлік коммуникациялар орталығы.

Өткізілетін уақыты:  05 тамыз 2026 жыл.

Қатысушылар: бұқаралық ақпарат құрал өкілдері.

Шара барысы: Департамент басшысы 2026 жылдың І жартыжылдығында атқарылған жұмыстардың негізгі бағыттарына тоқталды.

Есепті кезеңде «Е-лицензиялау» ақпараттық жүйесі бойынша білім беру ұйымдарынан барлығы - 34 өтініш тіркелген, оның ішінде, лицензия және лицензияға қосымшасын алуға 26 өтініш, лицензия және лицензияға қосымшасын қайта ресімдеуге 8 өтініш берілген. 

Алты айда тіркелген 34 өтініштің 24-і қанағаттандырылып, 10 өтініш бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылды.

Екі бас лицензия, 14 лицензияға қосымша беріліп, 8 лицензия және лицензияға қосымша қайта рәсімделіп, 5 маусымдық лагерьге лицензия берілді.

2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы апостильдеуге 48 өтініш түсті, апостильденген құжаттар саны -38, апостильдеуден бас  тартылғандар саны -10 өтініш. Бару елдері бойынша 25 – Корея, Түркия – 4, Италия – 4, Австрия – 2, Германия – 1, Словакия – 1, Кытай – 1, білім деңгейі бойынша – 21 орта білім туралы табелі, анықтама – 4, 13 - жалпы орта білім туралы аттестат.

Мемлекеттік аттестаттау 2026 жылдың қаңтар айында 13 мектепке дейінгі білім беру ұйымына жүргізілді, оның 4-і аттестатталды (30,7%) (1 мем., 3- жеке балабақша), 9 (69,3%) жеке балабақша аттестатталмады. 2026 жылдың мамыр айынан бастап Департаментте жаңа форматта білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау жұмыстары жүргізіліп, 22 жеке мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына  өткізілді, оның 9-і мемлекеттік аттестаттаудан өтті, 13-не орын алған кемшіліктерді заңама талаптарына сәйкестендіру үшін үш айға дейінгі мерзім берілді.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына сәйкес білім беруді басқару органдарына қатысты мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру үшін 2 білім бөліміне жоспарлы тексеру жүргізілді.

Қызылорда облысы бойынша білім алушылардың білім жетістііктерін мониторингілеу                        2026 жылғы 30 сәуір – 20 мамыр аралығында жүргізілді.

Департамент қызметкерлері аталған зерттеуге министрліктің уәкілетті өкілі ретінде қатысты. Білім алушылардың білім жетістіктерін мониторингілеу Қызылорда облысы бойынша 88 жалпы орта білім беру ұйымында өткізілді, 5710 оқушы қатысты.

2026 жылдың бірінші жартыжылдығында 23 жалпы орта білім беру ұйымына мектепішілік бақылау бойынша мониторинг жүргізілді.

 

                                                                       Қызылорда облысының білім саласында сапаны  қамтамасыз

                                                                                                  ету департаментінің баспасөз қызметі