Білім беру ұйымдарының жаңа 2023-2024 оқу жылына дайындығы

Білім беру ұйымдарының жаңа 2023-2024 оқу жылына дайындығы

           Қызылорда облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің аумақтық құрылымы болып табылады.

        Оқу-ағарту министрінің тапсырмасы бойынша ағымдағы жылдың 10-24 шілде аралығында облыстың барлық мектептерінің жаңа 2023-2024 оқу жылына дайындығына мониторинг жүргізілді.

        Мониторинг келесі бағыттар бойынша жүргізілді:

        - күрделі және ағымдағы (косметикалық) жөндеу жұмыстары;

        - турникеттер мен дабыл түймелерінің болуы;

        - спорт залдарының, асхананың және пән кабинеттерінің болуы;

        - Интернет жылдамдығы.

        Қызылорда облысында 296 мектеп бар. Оның ішінде ағымдағы жылдың 22 шілдесіндегі жағдай бойынша. Барлық мектепте ағымдағы косметикалық жөндеу жұмыстары жүргізілген, бұл мектептер жаңа оқу жылының басталуына дайын. Кейбір мектептерде ағымдағы және косметикалық (сырлау, әктеу) жөндеу жұмыстары жалғасуда, аяқталу мерзімі ағымдағы жылдың 25 тамызына дейін бітетіні күтүлуде.

        Сондай-ақ 1 мектепте күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде, оқу жылының басына дейін жөндеу жұмыстары аяқтау жоспарлануды. Шарт бойынша аяқтау мерзімі 28 тамыз.

        Сонымен қатар, мониторинг 105 мектепте күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу қажеттігін көрсетті. Оның ішінде 49 мектепте жөндеу жұмыстары жоспарланған, қалған мектептерге бүгінгі күні қаржыландыру қарастырылмаған.

        Барлық 209 толық жинақталған мектептерде турникеттер орнатылған, олар шағын және арнайы мектептерде орнатылмаған, мұнда оқушылардың санына байланысты нормативтік құжаттарға сәйкес орнату талап етілмейді.

        19 мектепте спорт залы, 11 мектепте асхана, 104 мектепте жаңа модификациялы физика кабинеті, 102 мектепте - химия, 118 мектепте - биология кабинеті жоқ.

        Интернет жылдамдығының әлсіздігі (4 Мб/с төмен) 8 мектепте, орташа жылдамдық (4-10 мб/с) – 120 мектепте, орташа жылдамдықтан жоғары (10-20 мб/с) – 168 мектепте байқалады.

        84 мектепте дабыл түймесі жоқ.

        Проблемалық мектептер бақылауға алынып, ағымдағы жылдың тамыз айында қорытынды мониторинг жүргізіледі.

 Оқулық бойынша

          Жаңа оқу жылына 1 - сыныпқа 17378 бала келеді деп болжанған.

          Қазіргі уақытта 1-11 сыныптардағы оқулықтарға (до закуп) 938 млн қаржы бөлінген, 362965 дана оқулық, оқу әдістемелік кешен алу жоспарланған. 12 баспамен 83 шарт жасалған, 9 тасымалдаушы анықталған, 25 тамызға дейін білім беру ұйымына жеткізу күтілуде. Ағымдағы жылы 2-сыныптың қазақ тілінде оқытылатын сыныптардағы орыс тілі пәнін толық ауыстыруға қаржы қаралған, 1-2-сыныптардағы цифрлық сауаттылық оқулығының электронды цифрлық форматтағы нұсқасын сатып алу (қызымет түрі, яғни логин және құпия сөз арқылы портал қызметін пайдалану) жоспарланып отыр. Ағымдағы жылы 120 млн қаржы 131 мыңнан астам көркем әдебиет сатып алынған (сәуірде), қазіргі уақытта 470 млн қаржыға қосымша көркем әдебиет алу үшін баспалармен шарттар жасасу жұмыстары атқарылуда.

         Балаларды 1-сыныпқа қабылдау, оқулықтар бойынша Департамент тарапынан мониторинг жүргізілетін болады.

Оқиға күні

04 тамыз 2023

Оқиға түрі

Конференция