Маңғыстау облысы Қоғамдық коммуникация орталығынының алаңында баспасөз конференциясы өтті

Маңғыстау облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Сүлейменов Марат Бекбосынұлы «Ұстаз мәртебесі» тақырыбында өткен брифингке қатысты.
Іс-шара барысында ол педагогтардың құқықтарын қорғау, әлеуметтік қолдау, және кәсіби дамуына қатысты мәселелерге тоқталды. Сондай-ақ, «Педагог мәртебесі туралы» заң аясында атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарлар талқыланды.
Брифинг соңында БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап беріп, білім сапасын арттыруға қатысты ұсыныстар мен бастамалар да сөз болды.