КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ САУАТЫН АРТТЫРУ МАҚСАТЫНДА БІРЫҢҒАЙ ЕСЕП БЕРУ КҮНІ ӨТТІ

Департамент басшысының м.а Б. Сатыбалды Маңғыстау облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің бақылау шаралары туралы есеп берді. Кездесу барысында кәсіпкерлікті дамытуға серпін беретін бастамалар талқыланды. Шара аясында бизнес субъектілеріне құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу маңыздылығы айтылды. Сондай-ақ, кездесудің басты міндеті кәсіпкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыру және мемлекеттік органдар мен бизнес-қоғамдастық арасында тиімді кері байланыс орнату болды.