Білім беру ұйымдарының басшыларына семинар өткізілді.

Білім беру ұйымдарының басшыларына семинар өткізілді.
Маңғыстау облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті қаңтар айының 4-і күні 2024 жылы наурыз-сәуір айында мемлекеттік аттестаттаудан өткізілетін білім беру ұйымдары басшылары және орынбасарларының қатысуымен «Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттаудан өткізу туралы» тақырыбында семинар-кеңес өткізді. Семинарда сыртқы бағалау бөлімінің басшысы С.Чуйшбаева мемлекеттік аттестаттауға байланысты нормативтік-құқықтық актілер бойынша түсіндіріп, білім беру ұйымдары басшылары тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.