Әдеп жөніндегі қызметтің нәтижесі қаралды

Әдеп жөніндегі қызметтің нәтижесі қаралды

 

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша Әдеп жөніндегі кеңесінің хаттамалық тапсырмасын орындау мақсатында Департаментте қызметтік жиналыс өткізілді

 

Жиналыс барысында мемлекеттік қызметшілерге қызметтік тәртіпті сақтаудың маңызы, сондай-ақ қызметтік әдеп нормаларын бұзушылықтардың алдын алу шаралары түсіндірілді. Сонымен қатар, Әдеп жөніндегі кеңестің шешімдері мен ұсыныстары талқыланып, мемлекеттік қызметшілердің этикалық мінез-құлық стандарттарын бұлжытпай орындауы қажеттігі атап өтілді.

 

Департамент қызметкерлеріне мемлекеттік қызметтің беделін арттыру, азаматтармен қарым-қатынаста ашықтық пен әдептілік таныту, сондай-ақ ішкі тәртіп талаптарын қатаң сақтау бойынша нақты тапсырмалар берілді.