Аппараттық кеңес өтті

Аппараттық кеңес өтті

Қостанай облысы білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы А.Сұрағанова 2023 жылы 19- желтоқсан күні  Оқу-ағарту министрлігінің білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің аппаратық жиналысында өңірде «1000 мектепке әдістемелік қолдау» Жобасының аясында атқаралып жатқан іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы баяндама жасады.

Қостанай облысы бойынша еліміздің 1000 мектеп санына 73 орта білім беру мекемесі кірген. Олардың 83% ауыл мектептері, соның ішінде 48 шағын жинақты мектептер.

2019-2023 аралығында мемлекеттік бақылау 73 мектептің 40 мектебінде жүргізілді, профилактикалық бақылаумен 27 мектеп (37%) қамтылып, 100%  заң бұзушылықтар анықталды, 13 мектепте мемлекеттік аттестация жүргізілді, барлығы бірден өтпеді, ал 4 мектеп мемлекеттік аттестациядан екінші рет өте алмады.

Департамент тарапынан жүргізілген мониторинг барысында сапалы білім беру қызметін жүргізуде бірнеше тосқауылдар кедергі болатыны анықталды. Соның ішінде бірқатар мектептің директорларының тағайындалмауы, кейбір мектептерде мамандандырылған пән кабинеттерінің жоқтығы, негізгі пәндерден сабақ беретін мұғалімдердің тапшылығы және т.б. Мектепішілік бақылау жоспарларының да тиімсіз, сапаны арттыруға бағытталған жоба ретінде құрастырылмағынында.

Жоба аясында облыстық білім басқарамысының жұмыс жоспары мен өткізіліп жатқан іс –шаралары көрсетілді.