Баяндама «БАЛА ҚҰҚЫҒЫ - БАСТЫ НАЗАРДА

Қостанай облысы әкімінің орынбасары Ринат Мұхаметқалиевтың төрағалық етуімен өткен облыстық кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырысының күн тәртібінде бірнеше сұрақ қарастырылды.
Отырыс барысында «Өңірде балалардың құқықтарын қорғаудағы кейбір мәселелері» тақырыбында баяндама жасадым. Мұнда осы бағытта Департамет тарапынан атқарылған тұмыстарға тоқталдым.
ҚР Конституциясының 30-бабының 1-тармағына сәйкес азаматтарға мемлекеттік оқу орындарында тегін орта білім алуға кепілдік беріледі. Орта білім міндетті. "Білім туралы" ҚР Заңының 49-бабының 2-тармағына сәйкес ата-аналар мен өзге де заңды өкілдер балалардың оқу орнында сабаққа қатысуын қамтамасыз етуге міндетті. Алайда, балалардың білім беру ұйымдарына міндетті түрде баруына қарамастан, барлық ата-аналар өздерінің кәмелетке толмаған балаларын тәрбиелеу және оқыту бойынша міндеттерді тиісінше орындай бермейді.
Департамент "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" ҚР кодексінің 409-бабы 2-бөлігі бойынша 15 әкімшілік істі Қостанай облысының мектептері мен колледждері жіберген өтініштері негізінде қарады. Нәтижесінде "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" ҚР Кодексінің 2-бөлігінің 409-бабының санкциясына сәйкес 9 ата-анаға қатысты ескерту түрінде жаза шығарылды, 6 заңды өкіл 5 АЕК мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бүгінгі таңда білім беру ұйымдарынан келген тағы 4 материал қаралуда.
Айта кету керек, қаралған іс материалдары, сондай-ақ заңды өкілдердің түсіндірмелері негізінде білім беру ұйымдарының оқушылармен және олардың ата-аналарымен балалардың сабаққа себепсіз жіберілуін анықтау және жою, оқуға деген ынтасын арттыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізбейтіндігін көрсетеді. Көбінесе бұл бағыттағы жұмыс формальды болып табылады. Мектеп кеңесіне, облыстық комиссия отырыстарына баланың, оның заңды өкілдерінің қатысуын қамтамасыз етілмеген жағдайлар да кездеседі.
Отырыс қорытындысы бойынша Ринат Зәкиұлы барлық білім беру ұйымдарындағы бала құқығын сақтауды күшейту мақсатында тиісті жауапты тұлғаларға хаттамалық тапсырмалар берді. Сонымен қатар оқушылардың жазғы еңбек демалысын және бос уақытын мазмұнды ұйымдастыруда аудан әкімдерінің орынбасарларының жеке бақылауында болуы міндеті ұсынылды.