АЛАУ ТВ –СҰХБАТ АҚПАРТАТТЫҚ ЖҰМЫС ЖАЛҒАСУДА

АЛАУ ТВ –СҰХБАТ АҚПАРТАТТЫҚ ЖҰМЫС ЖАЛҒАСУДА

2023 жылы 13 сәуір күні Қостанай қаласының Alau ТВ муниципалды телеарнасының «Сұхбат» бағдарламасында өңірдегі «Педагог мәртебесі туралы» ҚР Заңының орындалуы туралы айтылды. Бұл Заңда педагогтің ерекше мәртебесі танылады, оның кәсіптік қызметін жүзеге асыруы үшін жағдайды қамтамасыз етуді, педагогтің құқықтарын, әлеуметтік кепілдіктерін және шектеулерін, міндеттері мен жауапкершілігін белгілейді.

«Педагог мәртебесі туралы» ҚР Заңының 16 тармағы негізінде, ҚР БжҒ министрінің 2020 жылғы 11 мамырдағы N 190 «Педагогикалық әдептің кейбір мәселелері» бұйрығы қолданысқа енгізілді. Аталған бұйрықтың негізінде оқу орындарында педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестер құрылды.

Департамент жасаған мониторинг нәтижесінде Қостанай облысы бойынша 546 білім беру ұйымдарында педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестер құрылды, оның ішінде:мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарында-61; бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында-455; ТжКБ ұйымдарында -25, басқа ұйымдарда-5.

Кеңестер құрамына 2 мыңға мұғалім, білім беру саласында жұмыс істейтін білім беру бөлімдерінің қызметкерлері – 62 адам, кәсіподақтардың, үкіметтік емес ұйымдардың, қоғамдық бірлестіктердің 200 ден аса өкілі, зейнетке шыққан 400 жуық мұғалім кіреді.

2022 жылы білім бөлімдері мәліметтері бойынша педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестердің 839 отырыс өткізілді, 21 өтініш түскен. Мұғалімдердің өтініштерінің көп бөлігі педагогикалық этиканың бұзылуына, әріптестер арасындағы, әкімшілік пен мұғалімдер арасындағы келіспеушіліктерге қатысты. Мұғалімдердің еңбек тәртібі, жұмыс режимі, мұғалімдердің тарификациялауы туралы өтініштер бар.

2021 жылдан бастап білім саласында сапаны қамтамасыз ету өңірлік департаменттерде білім беру ұйымдары педагогтерінің құқықтарын қорғау және педагогтік әдеп мәселелері жөніндегі Консультативтік-кеңесші орган құрылды. Мұнда 6 өтініш түсті: облыс мектептерінің бірінде мұғалімнен артық есептілік талап етілген, педагогқа біліктілік категорияны берудегі бұзушылықтар, педагогтың кәсіби қызметіне жатпайтын жұмысқа тарту т.б. Барлық шағымдар қанағаттандырылды, «Педагог мәртебесі туралы» Заңды бұзғаны үшін тиісті тұлғалар әкімшілік және тәртіптік жауапкершілікке тартылды.