Қостанай облысының білім беру ұйымдарында білім алушыларды тасымалдауды ұйымдастыруға мониторинг жүргізу

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің тапсырмасына сәйкес 2025 жылғы 16-19 қыркүйек аралығында Департамент Қостанай облысының білім беру ұйымдарында білім алушыларды тасымалдауды ұйымдастыруға мониторинг жүргізетін болады.
Мониторинг шеңберінде техникалық көлік құралдарының техникалық жай-күйі, жүргізушілердің құжаттары, тасымалдауды ұйымдастыру жөніндегі құжаттама зерделенетін болады.