Мемлекеттік аттестаттау қорытындысы бойынша «Бейімбет Майлин ауданының білім беру бөлімінің Набережный жалпы білім беретін мектебі» КММ директоры жанындағы кеңес өтті

Мемлекеттік аттестаттау қорытындысы бойынша «Бейімбет Майлин ауданының білім беру бөлімінің Набережный жалпы білім беретін мектебі» КММ директоры жанындағы кеңес өтті

Білім беру ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасау шеңберінде ағымдағы жылдың 23 қыркүйегінде білім беру сапасын сырттай бағалау бөлімінің бас маманы Ж.Нукеева Қостанай облысы әкімдігі білім беру басқармасының «Бейімбет Майлин ауданының білім беру бөлімінің Набережный жалпы білім беретін мектебі» КММ директоры жанындағы білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау мәселелері бойынша кеңес жұмысына қатысты.

Кеңес барысында мектепті мемлекеттік аттестаттау қорытындылары талқыланды, білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау барысында анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарының мәселелері қаралды, ұсынымдар берілді.

Кеңеске қатысушыларға білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау барысында анықталған бұзушылықтарды жою туралы материалдар мен есептерді ұсыну тәртібі бойынша түсініктемелер берілді.

Білім беру ұйымдарында мемлекеттік аттестаттау барысында анықталған бұзушылықтарды жою бойынша ұсынымдар әзірлеу және бірлескен жобалар әзірлеу білім беру сапасын қамтамасыз етуге бағытталған.