Мектептер мониторингі жалғасуда

Қостанай облысының білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті мектептердің мониторингін жалғастыруда, оның шеңберінде ҰББДҚ мәліметтері, педагогтарды қабылдау рәсімі, оқушылардың электрондық оқулықтармен қамтамасыз етілуі, білім алушылардың тамақтануын және мектепте оқу процесін ұйымдастыру зерделенеді. Сондай-ақ, білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау шеңберінде бітіруші сынып оқушыларына компьютерлік тестілеу жүргізіледі. 7-8 қарашада А.Игисинова Амангелді ауданының А.Боранбаев атындағы жалпы білім беретін мектебі, Жалдама жалпы білім беретін мектебіне бару арқылы зерделеу өткізілді. Мектеп оқушылары оқулықтармен, оның ішінде электрондық оқулықтармен толық қамтамасыз етілген, оқушылардың ыстық және буфеттік тамақтануы ұйымдастырылған, екі мектеп те оқу жоспары пәндері бойынша педагогтармен, қатты отынмен қамтамасыз етілген. Мектептерде температуралық режим сақталады.
Мониторинг қорытындысы бойынша мектеп әкімшілігінің МІБ іске асыру, сабақтарды талдау бойынша ұсыныстар берілді, педагогтарға зертханалық жабдықтарды жүйелеу және зертханалық сабақтарды өткізу бойынша ұсыныстар берілді.