БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АЛҚАЛЫҚ КЕҢЕСІ ӨТТІ.

Кеңес барысында қатысушыларға Қостанай облысының білім беру саласында өткізілген мемлекеттік бақылау шараларының қорытындысы бойынша баяндама жасалды. Баяндамада мемелекеттік аттестация кезіндегі жиі кездесетін негізгі проблемалық сұрақтар талқыланды. Атап айтқанда, кешенді тестілеу нәтижесінің төмендігі туралы айтылды. Мысалы, 4-сыныптардың тестілеуінің орташа балы 30 – дан 17,3%, 9 – сыныптарда-60-тан 30,6 %, 11-сыныптарда-80-ден 40,3% құрады. Департамент тарапынан білім басқармасына әр мектеп бойынша тестілеудің анализы жіберіліп, білім сапасындағы олқылықтарды жақсарту мақсатында ұсыныстар жасады.
Мемелекттік аттестация, профилактикалық бақылау шараларының нәтижесі бойынша жиі кездесетін заң бұзушылықтарға, біліктілік талаптарға назар аудардым.
Баяндама қорытындысы бойынша алқа мүшелеріне келесі ұсыныстар енгізілді: аудандық және қалалық білім бөлімдерінің кеңестерінде мемлекеттік бақылау қорытындыларын қарастыру;
-білім беру ұйымдары басшыларының оқу жоспарларын сәйкестендіруге және мемлекеттік білім беру стандарттарының талаптарын қатаң сақтауға жауапкершілігін арттыру;
-білім беру бөлімдерінің басшыларына білім беру ұйымдарының біліктілік талаптарына сәйкестігі мәселесін жеке бақылауға алып, осы нормативтік құқықтық актінің талаптарына сәйкестендіру үшін шаралар белгілеу;
-білім беру саласындағы нормативтік құқықтық актілерді уақтылы зерделеуді және түсіндіруді қамтамасыз ету, білім беру ұйымдары әкімшілігі мүшелерінің құқықтық сауаттылығын арттыру жөнінде шаралар қабылдау;
-мектеп директорларымен және олардың орынбасарларымен мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мәселелерін зерделеу бойынша жұмыс жүргізу (құрылымында мектеп жанындағы шағын орталықтар мен мектепалды даярлық сыныптары бар мектептерде);
-ауылдық мектептер жанында жұмыс істейтін мектеп жанындағы шағын орталықтар мен мектепалды даярлық сыныптарын; ауылдық мектептер мен ШЖМ көркемөнер еңбек кабинеттерін жарақтандыру бойынша қаржыландыруды қарастыру;
ҚР заңнамасын бұзушылықтарды белгіленген мерзімде жоймау бойынша тәуекелдері бар білім беру ұйымдарын бақылауға алу және т.б.