АБАЙ МЕКТЕБІНДЕГІ МЕДИА-ОРТАЛЫҚ ЖӘНЕ ВИРТУАЛДЫ КІТАПХАНА

АБАЙ МЕКТЕБІНДЕГІ МЕДИА-ОРТАЛЫҚ ЖӘНЕ ВИРТУАЛДЫ КІТАПХАНА

Қостанай облысы Федоров ауданы Абай атындағы жалпы білім беретін мектепке барғаy кезде мұнда мектеп оқушылары медиа кеңістікте қарым-қатынас жасауды үйренетін арнайы медиа-сыныптың жұмысын ұйымдастыруы ерекше қызығушылық танытты. Балалар қазірдің өзінде эфирге 35 мектеп туралы жаңалықтар топтамасын шығарған, оның ішінде ең кішкентай мектеп жасына дейінгі балалар да қатысады екен. Сонымен қатар «Абай мектебінің жаңалықтары» атты журнал шығарылады. Мектептің осы және басқа да сабақтан тыс өткізілетін іс-шаралардың жобалары туралы директордың тәрбие іс жөніндегі орынбасары, мектеп түлегі Руслан Криволапов таныстырды.

Мектеп кітапханасының цифрлық кеңістікте құрылған жұмыс тәжірибесіне ерекше назар аударғызды. Мектептің фойесінде Ұлттық кітапханаға және басқа да білім беру ресурстарына шығатын білім беру процесінің барлық қатысушылары үшін виртуалды кітапхана жабдықталған, оның қоры 4 тілде 66 мың данадан асады. Кітапхана жұмысы барынша қолжетімді және заманауи, мектептің дәліздерінде электронды форматта көркем әдебиет жаңалықтарының үлгілері, сондай-ақ мектеп бағдарламасының туындылары ұсынылған.

Мектептің әлеуметтік желілерінде балалар мен ата-аналар кітапханашының апта сайынғы «Кітап әлемінің жаңалықтары» айдарын және басқа да қызықты іс-шараларды тыңдай алады. Осындай қызықты, заманауи ұтымды құрылған жұмыс жүйесі әрине балалардың кітап оқу белсенділігін арттыраны сөзсіз.